21 Июль
04:10
Астана: 20 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 346.68
EUR/KZT: 404.02
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.15
Кербез
11 желтоқсан 15:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ең дәмді картоп езбесін қалай дайындау қажет?
Кез келген тамаққа таптырмас гарнир – картоп езбесі. Езбені дайындау үшін картоптың крахмалды сұрыптарын пайдаланған жақсы. Езбені әзірлеу үшін сондай-ақ сары май, тұз, сүт пен кілегей қажет.

 
 
Ингредиенттер:
 
1 кг крахмалды картоп
1/2 шыныаяқ жылы сүт
1-2 шай қасық ірі тұз
2 ас қасық сары май
 
 Әзірлеу тәсілі:
 
1.Картопты тазалап, орташа бөліктерге бөліңіз.
 
2.Картоп бөліктерін қазанға салып, суық су құйып, қақпағын жауып, қайнатыңыз.
 
3.Су қайнағаннан кейін тұз салыңыз. Отты азайтып, 15-18 минут картоп жұмсарғанша қайнатыңыз.
 
4.Картопты сүзіп, суын ағызып, картопты қайтадан қазанға салыңыз. Оған жылы сүт пен сары майды қосыңыз.
 
5.Барлығын араластырып, картопты езіңіз. Блендер мен миксерді қолданбаңыз. Олар езбені дәмсіз етеді.
 
6.Картоп езбесі дайын! Оған тағы аздап май, үккіштен өткізілген ірімшік, бұрыш немесе көк қосуыңызға болады.
 
Дереккөз:  www.segodnya.ua
нравится:    290
Теги: Ас мәзірі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии