22 Январь
13:56
Астана: -32 °C
Алматы: -10 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Әлем жаңалықтары
12 қараша 17:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ең кішкентай смартфон сатылымға шығарылды


Қазіргі смартфондар экрандарының диагоналдарын үлкейтумен әуре болып жатса, Жапонияның FutureModel компаниясы көлемі банк карточкасынан сәл-ақ үлкен NichePhone-S аппаратын шығарды, деп хабарлайды "Популярная Механика" басылымы.

NichePhone-S габариті небәрі 90 х 50 мм, ал қалыңдығы — 6,5 мм құрайды. Салмағы 38 грамм және Android 4.2 Jelly Bean операциялық жүйесінде MediaTek MT6572A екі ядролы процессордың басқаруымен жұмыс істейді. Бірақ, смартфонның дисплейі сенсорлы емес, қарапайым монохромды – диагоналы 0,96 дюйм және рұқсат етуі 128 х 64 пиксель. Оның есесіне батареясының сыйымдылығы 550 мА·ч.


 
Әзірлеушілердің айтуынша оның қуаты жәй күту режимінде 72 сағатқа немесе үздіксіз сөйлесу барысында үш сағатқа дейін жетеді. Сонымен қатар, NichePhone-S аппаратында Wi-Fi адаптері мен Bluetooth, диктофон, қоңыраулы сағат мен әуенді әуедегі қоймадан қабылдайтын музыка ойнатушы орнатылған. Әрине, бұл аппарат арқылы басқа смартфондарға тән қоңырау шалу және мәтіндік хабарлама алмасу функцияларын орындауға болады.



Телефон оның беткі панелінде орналасқан аппараттық түймешелер арқылы басқарылады. Сондықтан оның дизайны қарапайым қалта калькуляторына қатты ұқсайды. Оны қуаттау үшін Micro-USB порты пайдаланылады, ал корпусы ақ немесе қара түсті болып келеді.

Смартфон Жапонияда бүгіннен бастап 88 АҚШ долларымен сатылымға шығарылды.
 
нравится:    103
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии