Кербез
14 маусым 12:36
Ең өтірікші зодиак белгілері
Астрологтар ең өтірікші зодиак белгілерінің тізімін жасаған. Сонымен олар қай зодиак белгілері?


 
1. Шаян

Бірінші кезекте Шаяндарға назар аудару керек. Олар рухы мықты адамдар. Олар өздері мен жақындарын ренжітуге жол бермейді. Бірақ олар өздеріне ауған назарды жақтырта бермейді. Себебі елдің шектен тыс назары оларды жеке кеңістігінен айырады. Сол себепті олар өздерін қорғау үшін өтірік айтып, өздерін өтірік арқылы қорғауға тырысады.
  
2. Егіздер

Егіздер жұп зодиак белгісі. Сондықтан да оларға өтірік айту мен екіжүзділік тән. Егіздермен араласқанда абайлаңыз. Себебі олардың адамды баурап алу қасиеті жоғары. Есесіне өздеріне бірдеңе керек болғанда өтірік айтып алдаудан тайынбайды.

3. Тоқты

Тоқтылар жалпы өтірікші емес. Бірақ қажет болған жағдайда өтірікті пайдаланады.
 
4. Сарышаян
 
Сарышаяндар іштей сезімтал, сырттай қатал. Бірақ болмыстары өтірікші. Әлденеге қол жеткізгісі келсе өтірікті қару ретінде оңай қолданады.  Олар кез келген дүниені қолма-қол ойдан құрап ала салады.
 
5. Арыстан
 
Арыстандар еркіндік пен жеке кеңістікті жақсы көреді. Сол еркіндігі мен жеке кеңістігін қорғау үшін өтірік айтуы мүмкін. Жетістікке жету үшін де оп-оңай өтірік айта алады.
 
6. Мерген
 
Мергендер шапшаң, ширақ адамдар. Олар жетістікке, атақ пен табысқа бір кісідей ұмтылады. Сондықтан өтірікті де арасында қару ретінде қолдана алады. Бірақ олардың өтірігі өзгелерге зиян тигізбейді.
 
7. Балықтар
 
Балықтар адамдарды жақсы түсінеді. Бірақ олар өздері жақтыртпайтын жандардан өтірік арқылы қорғанады. Бірақ олар өтірікті қолданғанда өзгелерге зиянын тигізбейді. Ал егер жеке кеңістіктері бұзылатын болса ешкімді аямайды.
 
Дереккөз: Клубер

Комментарии




Яндекс.Метрика