|    |  
21 наурыз 2019
10:35
қаз
Ең пайдалы дәрілік дәмдеуіштер
22 қараша 2018, 14:44 8

Дәмдеуіштер – жүрек-қан тамыр аурулары және тіпті онкологиялық аурулармен күресте дәрілік қасиетке ие.

1. Холестеринге қарсы тиімді.

Әсіресе даршын мен куркумадан жақсы байқалады.

2. Суық тиюден сақтайды.

Зімбір, қалампыр және даршын ішкі күшті жандандырып, қан айналымды жақсартатын қабілетке ие. Нәтижесінде адам ауруынан тез айығады.

3. Артық салмақтан арылуға көмектеседі.

Түскі ас кезіндегі ащы тұздықтардың өзі де тәбетті жоймай, тағамды тойымды етуге көмектеседі: олардың құрамында кездесетін капсаицин тоқ басып, нәтижесінде адам аз тамақ жейді. Бұған қоса, капсаицин энергияны 23%-ға артық жұмсауға көмектесіп, май жасушаларының дамуын тежейді.

4. Гормоналды қалыпты жақсартады.

Ботатабан әйелдердің репродуктивті жүйесіне жақсы әсер береді, гормоналды өзгерістерді реттейді. Климакс кезінде ботатабанның 2-3 түйірін қолдану етеккірдің қалыпқа келуіне жәрдемдескен. Дәмдеуіштердің ішінде афродизиактар өте көп. Жұпар жүзім жаңғағы әйелдерге қатысты, ал насыбайгүл ерлерге  қатысты деп бекер айтылмаған, олардың құрамындағы эфир майлары ішкі секреция бездерінің жұмысын жаңарта түседі. Ванильдің құрамындағы элементтер орта жүйке жүйесі қызметіне оң әсер береді.

5. Обырдан сақтайды.

Дәмдеуіштің құрамындағы антиоксиданттар канцерогендермен күреседі. Куркумадан мойын және бас обырының дамуына жол ашатын биохимиялық процестерді бұғаттайтын зат табылды. Ал ақжелкектен обыр жасушаларын жоюға қабілетті молекула табылған болатын.

* Лавр жапырағы.

Ас қорыту, жүрек жұмысын жақсартады, тәбетті ашады, артриттің қабынулары, тері аурулары кезінде пайдаланылады. Тыныс жолдары аурулары кезінде лавр жапырағынан ингаляциялар жасалады. Лавр майы гайморит кезінде қолданылатын, дәлелденген құрал.

Жүктілік кезінде пайдалануға болмайды.

* Ақжелкек.

Ас қорыту бездері секрециясын жақсартатын бірден-бір құрал. Несеп айдағыш қасиетке ие, несеп жолдары қабынулары, цистит, ревматизм кезінде қолданылады. Балғын ақжелкекті үсу, бет невралгиясы кезінде және ревматизмде кеңінен пайдаланады.

*Зімбір.

Жүрек айнудың қандай түрі болсын, көмектеседі. Иммунитетті жақсартып, бас ауруы мен артриттің қылаң беруіне жол бермейді. Жөтел мен суық тиюден таптырмайтын дәрі. Ағзаның қорғаныс қасиетін күшейтеді. Жапондар зімбірді құртқа қарсы табылмас құрал деп бағалайды екен.

* Ботатабан.

Күйзеліс пен ауруды басатын қасиетке ие, өйткені қуаныш гормоны – серотонинді бөледі. Ас қорытуды жақсартады, лимфа жүйесін, бүйрек пен бауырды тазалап, тамырдағы қан ұюдың алдын алады, бет түсін жақсартады.

* Даршын.

Күнделікті 1 шай қасық даршынды пайдалану ағзадағы қант мөлшерін реттеп, қандағы холестеринді жоюға көмектеседі, қан қысымын жақсартады. Микробқа қарсы әсері бар, үй жағдайында азық-түлікті ұзағырақ сақтауға мүмкіндік береді.

*Қалампыр.

Қалампыр майы – ең күшті тыныштандырғыш әсерге ие. ЖРВИ кезінде ароматерапия ретінде қолдануға кеңес беріледі. Сонымен қатар қалампыр тіс ауруы кезінде тыныштандырғыш әсер беріп, тыныс жолдары аурулары кезінде демді жақсарта түседі.

Дәмдеуіштің басты басымдығы – құрамында антиоксиданттардың көп болуында. Бұл мөлшер әжім мен түрлі ауруларда қылаң беретін ағзадағы бос радикалдардың бұзылуына жол бермей, аурудың алдын алады. Мәселен, антиоксиданттар дәмдеуіштердің сәл ғана мөлшерінде бір стакан жеміс-жидектегі мөлшерінен де көбірек кездеседі екен.

Дереккөзі: ​orthodox.od.ua


Жаңалықтар