Кербез
13 қыркүйек 17:33
Ең сараң және ең жомарт зодиак белгілері

 
Тоқты
 
Тоқтылардың арасында үнемшілдері мен сараңдары кездеседі. Бірақ олардың басым бөлігі ақша жинау білмейді. Тапқан ақшасын шашып жіберуге бейім келеді.

Торпақ
Торпақ жайлылықты жақсы көреді. Сол себепті өзінің қажеттілігінен қаражат үнемдемейді. Олар қаржы мәселесінде «алтын аралықты» таба біледі. Және оларға дәулет пен байлық оңай келеді.

Егіздер
Егіздер үлкен дүниелерге ақша қимайды, бірақ ұсақ-түйекті толтырып алады. Бұл зодиактың адамдары ұсақ-түйекті таңдаудан ләззат алады. Олар үшін бұл заттардың бағасы мен сапасы аса маңызды емес.

Шаян
Шаяндар ақша жинағанды, қаржысын бақылағанды ұнатады. Бірақ кейде эмоцияның әсерімен бар қаржысын шашып жібереді.

Арыстан
Арыстандар бағалы, әдемі, сапалы заттарға ақша жұмсаудан қорықпайды. Бұл зодиактың адамдары сапалы мен сапасыз, арзан мен қымбаттың ара жігін ажырата алады.

Бикеш
Бикештер күнделікті өмірде өте үнемшіл болуы мүмкін. Бірақ кейде түкке тұрмайтын немесе аса қажеті жоқ заттарды сатып алуға құмар.

Таразы
Таразылар өте жомарт және сапалы, қымбат заттарды сатып алғанды жақсы көреді. Бірақ оны сатып алар алдында ұзақ ойланады.

Сарышаян
Сарышаяндар өзгелердің ақшасын жұмсағанды жақсы көреді. Өз ақшалары қолдарынан су сияқты ағып кетеді. Бірақ тиімді салым жасай алатындары да аз емес.

Мерген
Мергендер саяхаттағанды, ел мен жер көргенді жақсы көреді. Және бұл қызықтарынан ақша аямайды.

Тауешкі
Тауешкілер шынымен қажет, пайдасы бар дүниелерді сатып алады. Ақшаны ұзақ сақтамайды. Пайдалы іске салып жібереді.

Суқұйғыш
Суқұйғыштар ақшаларын санамайды және тез жұмсап жібереді. Бірақ оларға ақша оңай келеді. Бірақ біреуге қарыз бергенді ұнатпайды.

Балық
Балықтар әдемі заттар сатып алғанды жақсы көреді. Бірақ араларында үнемдей алатындары да бар. Аз ақшаны көпке жеткізе алады. Артық ақша түсе қалса ләззат алуға жұмсайды.

Дереккөз: Клубер

Комментарии




Яндекс.Метрика