27 Май
16:05
Астана: 3 °C
Алматы: 31 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Кербез
15 мамыр 11:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ең тапшы дәрумен


Егер бұрынырақ ең тапшы дәрумен С (аскорбин қышқылы) болса, қазіргі уақытта бізге D, В2 дәрумендері мен каротиноидтер жетіспейді. D дәрумені жайында біз бұған дейін жазған едік. Каротиноидтер – бұл нақтырақ айтсақ дәрумен емес, А дәруменінің ізашары саналады. Олар өте маңызды болғанымен, олар жайында сөз келесі жолы айтылады. Ал қазір нағыз және өте маңызды В2 дәрумені жайында әңгіме болмақ. Оның атауындағы «2» саны В тобындағы дәрумендердің ішінде оның екінші болып 1920 жылы ашылғанын білдіреді. Дегенмен, ол одан 40 жыл бұрын, 1880 жылы ашылып, лактофлавин деп аталған болатын. Орысша бұл «сүтті-сары» деген мағына білдіреді: оның түсі сары және оны сүттің іркітінен бөліп алған. Бұл затты ұзақ уақыт бойы оның пайдалы екендігіне көз жеткізбестен пигмент деп санап келген. Мұның оғаш дәнеңесі де жоқ. Өйткені, дәрумендер тұжырымдамасы ХІХ ғасырда болмаған еді. Ең бірінші В1 дәруменінің өзі тек 1912 жылы ғана, яғни лактофлавин бөлінгеннен кейінгі 32 жылды араға салып барып ашылған болатын.
Сондықтан да химиялық формуласы да белгісіз болған осынау сары түсті затты түрлі заттардан тауып, оған әрқилы атаулар берген. Оны жұмыртқа құрамынан тапқан кезде соның құрметіне орай овофлавин (ovo латын тілінде — «жұмыртқа» деген сөз) деп атаған. Кейін оны бауырдан тапқан кезде гептофлавин деп, зәрден бөлініп шыққан кезде урофлавин деп  атау берген. Осы орайда мынадай әзіл сауал туындайды: Бұл зәр В2 дәруменінің қайнар көзі бола ала ма? Жоқ. Оны барынша тәбетті шақырар жолмен бауырдың құрамынан алуға болады. Бұл В2 дәруменіне ең бай қайнар көздің бірі. Ал ол зәрге ағзадан шамадан тыс көп болған кезде түсіп, зәрге барынша қанық сары түс береді. Бұл тәжірибені кез келген адам В тобына жататын жартылай дәрумендерді немесе дәрумендер кешенін мөлшерден артық тұтыну арқылы өзінде тексеріп көре алады. АҚШ-та мұндай  дәрумендердің фанаттары өте көп. Оларды дәрігерлер әлемдегі зәрі ең қымбат адамдар деп әжуалап та жатады.

Тапшылықтың қандай қаупі бар?
В2 дәруменінің жетіспеушілігіне тән әрі нақты белгілердің бірі ауыздықтың шығуы. Ғылыми тұрғыда айтар болсақ, ангулярлық стоматит. Яғни, ауыздың езулеріне ауртатын жырық жаралар пайда болып, тері қабыршақтанып тұрады. Егер де сізде дәл осындай белгілер пайда болса, онда В2 дәрумені жетіспеуі мүмкін. Мұндай белгілермен әлсіздік пен ұйқышылдықтар қатар жүреді. Бұл энергетикалық алмасуға қатысатын рибофлавинмен байланысты және ол аз болған кезде энергия жетіспеушігі туындайды. Дегенмен, мұндай белгілер тек бір дәрумен тапшылығына ғана тән емес. Олар барлық дерлік дәрумен тапшылығында және денсаулықпен байланысты өзге де проблемалар кезінде кездеседі. 
Тағы бір маңызды мәселе: В2 дәруменінің тапшы болуынан бізге D, В6 дәрумендері. Сонымен қатар фолий мен никотин қышқылдары да жетіспеуі мүмкін. Себебі ол осы барлық дәрумендерді күшейту үшін қажет және егер ол аз болса, онда ол тіпті жеткілікті деңгейде ағзаға түскенімен белсенді формаға көше алмауы әрі өзінің маңызды әрекеттерін көрсете алмауы мүмкін. Демек, В2 дәрумені көп жағдайда негізгі болып табылады.
Ол ауыздықтан бөлек мұрын-ерін үш бұрышы, қас және құлақ маңайында себорея дерматитін өршітуі мүмкін. Аталған жерлердегі тері құрғап, қабыршақтанады. Қас қарайған кезде көздің көруі де нашарлауы ықтимал. Ал жағдай ауырлаған кезде көз зардап шегіп, тез шаршайтын болады. Тіпті адамдардың соқыр болып қалған жағдайлары да бар, оларда шел өскен.

В2 дәруменінің жетіспеушілігі кімдерге қауіп төндіреді
Қысқаша айтар болсақ, көпшілікке. Біріншіден, азық-түлікте бұл дәруменнің мөлшері көп емес. Екіншіден, бұл дәруменді алу үшін малдың ақуызы қажет және өз кезегінде ол вегетариандарға жетіспеуі мүмкін. Мәселен, сіз таңғы асқа, түскі және кешкі асқа шұжық жегендіктен, мұндай тапшылық қауіп төндірмейді деп ойлауыңыз мүмкін. Ал негізінде  қазіргі шұжықтар мен дайын ет өнімдерінде бұрынғы ет өнімдеріне қарағанда ақуызы өте аз. Бар мәселе сояда ғана емес, оның орнына өзге де өсімдік ақуызын немесе өте назар сіңірілетін арам малдың ақуызын жиі қосады. Соның салдарынан В2 дәрумені ағзаға түскенімен, еш көмегі болмайды. Бұған қоса, шұжық және ет өнімдеріндегі ақуыздың басым бөлігі сумен шайылып кетеді.
Тағам ққұрамында В2 дәруменінің жеткілікті мөлшері болса да тапшылық орын алуы ықтимал. Мұндай жағдайда тапшылыққа жол бермеу үшін В тобына кіретін дәрумендерді қосымша тұтынған жөн. 

В2 дәрумені қайда көп кездеседі?
Бұл дәрумен бүйректен бөлек бауырда да көп. Бұл өнімдердің 100 грамында 1,6-2,2 мг рибофлавин болады. Яғни, күндік норма немесе одан да көп. Барлық бәле біздің мұндай субөнімдерді сирек тұтынуымызда. Бұл В2 дәрумені өте көп кездесетін ашытқыға да қатысты. Сондықтан да 7, 10 күнде жоқ дегенде 1 рет бауырдан жасалған тамақ жеуді дағдыға айналдырсақ жаман болмас еді. Өйткені, бұл мұндай өнімдердің ішіндегі барынша қолжетімді әрі  жеуге жарамдысы. Бұған қоса, бауырда өзге де дәрумендер көп кездеседі.


http://orthodox.od.ua
нравится:    31
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии