24 Август
12:44
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
28 шілде 18:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ең ұзақ өмір сүрген панда Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді
Ең ұзақ өмір сүрген панда Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді


Гонконгты мекендейтін Цзя Цзя есімді панда әлемде ең ұзақ өмір сүрген панда ретінде танылды. Бүгін Гиннес рекордтар кітабынының Қытайдағы ресми өкілдігі Цзя Цзя пандасын тарихтағы ең ұзақ жасаған аю тұқымдасы деп салтанатты түрде жариялады.

Биыл ол 37 жасқа толды. Бұл жылдарды адам жасымен есептегенде бір ғасырға жуықтайды деп хабарлайды The South China Morning Post басылымы.

Басылымның мәліметінше, бұған дейін бүкіл дүние жүзінде ең ұзақ өмір сүрген панда Қытайдың Ухань қаласында мекендеген болатын. Ол 36 жыл 11 ай тіршілік етіп, 1999 жылы өлген.

«Панданың көру, есту қабілеті және жалпы физикалық белсенділігі жақсы сақталған. Алайда, қазір Цзя Цзя артериялық қысымының жоғары болуынан қиналып жүр. Бірақ, жас деңгейімен салыстырғанда оның денсаулығы ойдағыдай» дейді Ocean Park зообағының меңгерушісі Сюзанна Гендрон.

Еске салайық, жер бетіндегі пандалардың жалпы орта жасы 18-20 жылды құраса, табиғат аясын мекендейтін бұл жануар негізінен 25 жыл өмір сүреді.

Аю тұқымдасына жататын бұл сүтқоректі Қытайдың Сычуань, Шэньси, Ганьсу және Тибеттік тay беткейлерінде таралған. Жылына 1-2 қонжық туады. Бамбук өркені және тамырларымен қоректенеді. 20 ғ. 70 жж. бамбуктар жойылған кезде үлкен панда саны күрт азайды. Панда қазіргі таңда сирек кездесетін, және жоқ болып кетудің алдында тұрған жануарлардың тізіміне кіреді. 

Дереккөзі:Baq.kz 
нравится:    972
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии