|    |  
15 қараша 2018
19:42
қаз
Ең ыңғайлы қолшатыр ойлап табылды (видео)
15 шілде, 09:23 980
Бұл қолшатыр мен адамзат баласының осы кезге дейін пайдаланып келген қолшатырының арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Себебі Лондонда таныстырылған бұл құрылғы әдеттегідей, сырттан ішке емес, іштен сыртқа қарай ашылады.



Оның ыңғайлылығы соншалық, көлікте және адам аяғы көп басылатын қоғамдық жерлерде еш кедергісіз пайдалануға болады.  KAZ Designs студиясы өкілдерінің айтуынша, жаңа өнертабыстың артықшылықтары мынадай: біріншіден, қолшатыр жиналған кезде жауыннан ылғалданған бөлігі ішке қарай жиналады да одан жан-жаққа су шашырамайды. Екіншіден, мұндай қолшатырды көлікке кірерде немесе одан шығарда оп-оңай жинап алуға болады. Үшіншіден, адам көп жиналатын жерлерде ешкімге тиіп кетпестен, тағы жинап аласыз. Қазіргі уақытта Kickstarter жобасынан осы қолшатырды көрген 3 мыңнан аса адам оны сатып алуға тапсырыс беріп қойыпты. Егер бәрі ойдағыдай болса, олар қазан айында әлемдегі ең ыңғайлы қолшатырларға ие болады, деп жазады newsru.com.



Дереккөзі: 24.kz
Жаңалықтар