|    |  
15 қазан 2019
23:47
қаз
Ең жеңіл пицца
14 желтоқсан 2016, 16:22 187


Қазір пицца кең сұранысқа ие. Жұмсақ әрі дәмді тамақ кімге болсын ұнайды. Бүгінде кафелерде оның түр-түрін пісіреді. Біз қазір ең қарапайым, құрамы жеңілін назарларыңызға ұсынамыз.

12 порцияға қажетті ингредиенттер:
Жылы су – 1 стақан
Жұмыртқа - 1
Құрғақ ашытқы – 1 шай қасық
Тұз – ½ шай қасық
Қант – 1 ас қасық
Өсімдік майы – 1 ас қасық
Ұн – 2-3 стақан
Кетчуп - 3 ас қасық
Майонез - 3 ас қасық
Пияз – 1
Қызанақ - 1
Тәтті бұрыш - 1
Шұжық - 150-200 г
Қатты ірімшік - 300 г
 
Әзірлеу жолы:


1. Тостағанға жылы суды құйып, оған жұмыртқа мен ашытқыны қосып, 5-10 минут қоясыз.

2. Содан кейін тұз, қант пен өсімдік майын қосып, біркелкі араластырып тұрып ұнды саласыз. Иін қандырып, қамырын әзірлеп болғаннан кейін пакетке салып, 2 сағатқа тоңазытқышқа қойып қойыңыз.

3. Осы уақытта салмасын әзірлеп аласыз. Пияз бен қызанақты домалақтап, ал шұжықты ұзыннан тураңыз. Кетчуп пен майонезді араластырыңыз.  

4. Екі сағаттан кейін қамырды алып, май жағылған табаға саласыз.

5. Содан кейін үстіне кетчуп пен майонезден жасалған соусты жағып, оның үстіне алдын ала дайындаған салманы салып, ірімшікті себіңіз.

6. 200 градусқа дейін қыздырылған духовкаға 20 минут қойсаңыз, дәмді пиццаңыз дайын.

Ас болсын!

Дереккөз: russianfood.com


Жаңалықтар