27 Май
16:05
Астана: 3 °C
Алматы: 31 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Кербез
14 мамыр 17:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еңбекқорлық – бұл неге жаман: белгілері, нышандары, психолог кеңестері
Өмірінің соңында әлдекімнің «аз жұмыс істедім» деп өкінгені бола қоймас, керісінше. Өйткені жұмысқа аз көңіл бөліп, жақын туысқа және өзіңе көп көңіл бөлуді бәрі де мақсат тұтатыны белгілі. Алайда айту оңай болғанымен де, істеу өте қиын.



Еңбекқор немесе жай ғана шығармашыл адам?

Жанға жайлы жұмыстың болуы және өз ісіңді сүю бір бақыт екені рас. Және де осы кәсібіңнің арқасында жақсы табыс тауып отырсаң, тіптен керемет. Алайда бақыт артық болмайды деп айтқанымен, жұмыстың артық болуы көп жағдайда ұшырасып жатады және де ол психологтардың айтуынша, жақсылық әкелмейтіні де белгілі.
Егер адам көп жұмыс істесе, ол міндетті түрде еңбекқор емес. Жұмыста жүрген адам амалсыздан жүруі мүмкін (енді ғана жұмысқа кірген студенттер болуы мүмкін), болмаса ақша үшін, қаржылық қажеттілік салдарынан болуы мүмкін, өйткені кейбір жұмыстың табысы осыған тікелей байланысты. Мұндай жағдайлар шығармашыл адамдарда көптеп кездеседі, мәселен, жобаны немесе кітапты бітіру үшін жұмыста қонуға да тура келеді. Ал жұмыс біткен соң, жұмысты біраз тастап кетуге болады, алайда бұл да еңбекқорлық емес.
Еңбекқорлық дегеніміз не? Бұл адамның кез келген жағдайда, кез келген уақытта, кез келген жерде жұмыс істей беруі, жұмыссыз мүлде отырмауы.
Тәуелді жұмысшының 5 маңызды белгілері
Психологтардың айтуы бойынша, нағыз еңбекқорлардың саны көп емес. Мұндай еңбекқор адамның портреті де әдеттегідей:
✔ мүмкіндігінше жас адам (45 жасқа дейін), білімі жоғары және жұмыстағы мансабы да жақсы. Үнемі оқу үстінде болады.
✔ жұмыс орнында күніне кем дегенде 10 сағат отыратын қызметкер, ал демалыс алуы сирек, алған жағдайда 2 аптадан артық емес.
✔ үйленбеген немесе ажырасқан адам. Көбіне ер кісі.
✔ кез келген компанияда жұмыс туралы  тақырыпты қозғайтын адам.
✔ бірқатар аурулары, атап айтқанда жүйкенің тозуы, күйзеліс, ұйқысыздық, асқазан жарасы, дерматит секілді диагноздарға ие адам.

Кароси, онша емес
Жапон тілінде тіпті еңбексүйгіштікті бейнелейтін кароси атты термин сөз пайдаланылады. Бұлай жұмыстың көптігінен жұмыс орнында орын алған өлімді айтатыны белгілі. Негізінде адамдар инфарктан немесе инсульттан өліп жатады. Каросидің бір айырмашылығы бұл өлім өте жас адамдарда кездеседі. Каросидің бірінші өліміне 29 жасар адам тіркелген. Бұл құбылыс қоғамның барлық дерлік  жерінде орын алады және қарапайым қызметкерден мықты саясаткерлерге дейін душар болуы ықтимал. Каросидің соңғы құрбандарының бірі жапон талерадиокомпанияларының бірінің тілшісі, 31 жастағы әйел екен.
Сіз әдеттегіден көп жұмыс жасап жатқаныңызды қалай білуге болады
СІЗДІҢ ТЕК ЖҰМЫСҚА ҒАНА УАҚЫТЫҢЫЗ БАР 
Сіздің еңбек марафоныңыз жарты жылдан асты, алайда түбі көрінбейді. Былайша айтқанда, сіз әбден үйреніп алдыңыз және ерекше ештеңені де күтпейсіз. Алайда сіз жұмысқа өзіңіздің 80 пайыз уақытыңызды жұмсайсыз және демалу, хобби, оқу дегендерді ұмыттыңыз. Бұл жүйкенің төзімсіздігіне әкеп соғады, аурулар пайда болады, адам бұрыңғыдай жақсы жұмыс істей алмай жүргенін байқайды.
СІЗГЕ БҰЛ ТУРАЛЫ АЙТЫП ЖҮР
Достарыңызға, жолдастарыңызға тапқан бірер минутта олар сіздің жұмысқа көп уақыт бөлгеніңізді айтып жатады. Олар сізге денсаулыққа көңіл бөлген дұрыс дейді, бір жерге  сергу үшін шақыруға тырысады. Алайда сіз үйреніп алдыңыз және өзгенің пікіріне құлақ түре қоймайсыз.
СІЗ БӘРІ ОЙДАҒЫДАЙ ДЕП ОЙЛАЙСЫЗ
Сіз айналадағы адамдардың айтқанында тұрған ештеңе жоқ деп есептейсіз. Неге бұлай болып жатқандығына сіздің жауабыңыз да дайын, ол «қазір сондай заман», болмаса, «бәрі де дұрыс».
Туыстарға ескерту! Бір қадам жасау қажет!
Еңбекқор адамның өз проблемасын маңызды екенін мойындамауы жақын туыстардың көңіл бөлетін мәселесі.
– Еңбекқор адамның жақындары бұл туралы не ойлайтындығын ашық түрде оған жеткізуі тиіс. Аз жұмыс істеу қажет деп бұйырмаған да дұрыс, өйткені ол ондайды тыңдамасы белгілі. Мұндай кездері оның жетіспейтіндігін, онымен бірге демалып серуендеуді армандайтындарын жеткізген дұрыс. Достар оны сендіре білуі шарт, сол кезде ғана еңбексүйгіш адам маңызды бір нәрсені жоғалтып жатқанын сезінуі ықтимал.
Мұндай адамдар басшылықты жақсы тыңдайды. Басшы жұмыста отыру ұзақтығы емес, тиімді жұмыс жасау маңызды екенін үнемі айтып отыруы тиіс. Тіпті басшы еңбекқор адамды жұмыс істеуге рұқсат бермей, толық демалысқа жіберуіне де болады. Алайда еңбексүйгіш адамдар үнемі мазасыз келеді және өздеріне сенімсіз, сол себепті үнемі марапат, қошемет танытылып отыруы тиіс. Басшы неге бұл іске араласуы керек? Өйткені шаршаған адам жұмысты жақсы істемейтіні белгілі, ал жақсы жұмыс берушіге сапалы жұмыс істейтін адамдар керек-ақ.


http://sobesednik.ru
нравится:    32
Теги: Главная, Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии