|    |  
21 қараша 2018
00:46
қаз
Енді әуе билеттерінің бағасын мемлекет бақыламақ
24 қараша, 15:32 778


Әуе билеттерінің бағаларын енді Азаматтық авиация комитеті бекітетін болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
Министрдің сөзіне сенсек, бұл - «100 нақты қадам» бағдарламасының аясында жасалып отырған өзгерістің бірі. Яғни, әуе тасымал жүйесінен азаматтық авиацияға беріліп отырған функция.

Егер осылай етер болса, билет бағасының құны тікелей мемлекеттің бақылауында тұрмақ. Мұндай жүйемен Британия азаматтық авиация жүйесі де жұмыс істейді екен. Негізгі үлгі содан алынған. Қазір еуропалық агенттікпен бірнеше меморандумға қол қойылған. Бұдан былай Қазақстанда әр әуе компаниясы ойына келген бағасын қоя алмайды.

 almaty.tv

 
Жаңалықтар