17 Декабрь
09:58
Астана: -25 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
6 ақпан 19:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Енді Қазақстанда банк картасының орнына смартфонмен де есеп айырысуға болады



Visa мен Қазкоммерцбанк Қазақстанда алғаш рет NFC чипі бар Android-смартфондардың көмегімен контактісіз төлем сервисін іске қосты.Host Card Emulation (HCE) технологиясының негізіндегі жоба арнайы мобильдік қосымшаның көмегімен төлем картаның (немесе бірнеше картаның) виртуалды көшірме нұсқасын (дубликат) жасап, смартфонның NFC-антеннасы арқылы контактісіз төлем жасауға мүмкіндік береді. Соның арқасында карта ұстаушылар өз смартфондарымен тауарды немесе қызметті жылдам, оңай әрі қауіпсіз өтей алады, ал банктер мобильдік құрылғы арқылы клиенттік төлемдер жайлы ақпаратты сенімді «бұлтты» қоймада сақтау мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
«Visa payWave технологиясы сатып алушылар, сондай-ақ сатушылар үшін де тауар мен қызметті төлеуді жеңілдетіп, қосымша жайлылық ұсынды. Сол себепті контактісіз төлемдердің саны күн сайын артып келеді. Бүгінгі күні Қазақстан шетелде өткізілген контактісіз транзакциялар бойынша CEMEA аймағында 3-ші орында, ал контактісіз картаның көмегімен орындалған жалпы транзакциялардың көлемі бойынша - 7-ші орында тұр. Visa-ның бұлтты технологиялары мобильдік телефонды төлем құралы ретінде пайдалануға және электрондық төлемдердің көлемін ұлғайтып, мобильдік коммерцияның жаңа дәрежеге шығуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті өз сөзінде Орталық Азиядағы Visa-ның аймақтық менеджері Ғалым Табылдиев.
Қазкоммерцбанк - Visa-ның Қазақстанда контактісіз мобильдік төлемдер сервисін іске асыру бойынша алғашқы серіктесі. Сол себепті енді Казкомның кез келген төлем карталарының иелері оны өз Android-смартфондарына енгізіп алып, Visa payWave контактісіз технологиясы қолжетімді жерлерде Қазақстанда және шетелдерде тауар мен қызметті жылдам өтей алатын болады.
Казкомның контактісіз мобильдік төлемдер сервисін пайдалану үшін ОС Android (4.4 нұсқасы және одан жоғары) және енгізілген NFC-чипі бар мобильдік құрылғыға арнайы қосымшаны көшіріп, орнатып алу керек. Қазіргі кезде бұл қосымша https://www.homebank.kz сайтының бірінші бетінде қолжетімді. Жақын арада ол Google Play қосымшалар дүкенінде пайда болады.
Қосымшаны орнатып алу үшін мобильдік телефонның нөмірі мен картаның деректемелерін (бірнеше картаны тіркеуге болады): иесінің аты-жөні, нөмір, қызмет ету мерзімі, CVV2 (картаның екінші бетінде орналасқан 3 белгіден тұратын код) көрсетіп, тіркелуден өту керек. Міне, осыдан соң мобильдік телефонға расталғаны жөнінде SMS коды келеді. Кейіннен қосымшаға кіру үшін арнайы құпия сөзін ойлап, есте сақтау қажет.
Қосымшада тіркелгеннен соң оның тұтынушылары бір қимылмен-ақ, яғни телефонды контактісіз POS-терминалға жақындатып, әп-сәтте тауар мен қызметті өтей алады. Бұл ретте банктің қосымшасын ашудың да қажеті жоқ, бар болғаны телефонды блоктан шығару керек. 


Бұл сервиске Қазкоммерцбанктің бірнеше картасын тіркеп қоюға болады. 5000 теңге сомасынан жоғары төлем жүргізілген кезде транзакцияның қосымша қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұтынушыға PIN-кодты теру керек.
2015 жылы Казком контактісіз төлем функциясы бар төлем карталарды жаппай шығарып, оларды қабылдау жүйесін дамыта бастады. Бүгінгі күні Қазкоммерцбанктің 5 мыңнан астам контактісіз POS-терминалдары Қазақстан бойынша түрлі супермаркеттер, мейрамханалар мен өзге де сауда-сервистік кәсіпорындарда орнатылған. Осы жылдың соңына дейін мұндай құрылғылардың саны 12 мыңға дейін жеткізілуі жоспарлануда. 2015 жылдың басынан бері контактісіз төлемдердің саны 22 есе өсіп, Казкомның жалпы карталық транзакциялардың 1%-ын құрады. Бүгінде ҚКБ-ның контактісіз төлемдердің айсайынғы көлемі 120 млн теңгеден асады.
 
 
нравится:    707
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии