24 Октябрь
15:25
Астана: -1 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 336.05
EUR/KZT: 394.49
RUB/KZT: 5.85
CNY/KZT: 50.63
Әлем жаңалықтары
9 қараша 16:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Енді ҰБТ-да «Алтын белгіні» растау талабы қажет етілмейді



Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері ҰБТ-ның жаңа форматын ендіруге қатысты баспасөз-конференциясын өткізді.

ҰБТ-ның жаңа форматында міндетті пән ретінде оқу сауаттылығын тексеру мүмкіндігі пайда болды, сондай-ақ екінші таңдау пәні қосылды. 

Жаңа ережеге сәйкес, түлектер барлық емтиханды мектепте тапсырады. Қорытынды аттестаттау – мектепті бітіру емтиханы, ал ҰБТ – ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде бөлек өткізілмек. Қорытынды аттестаттау 5 пән бойынша (4-еуі – міндетті және бір пән таңдау бойынша), мектептегі оқыту бейіні ескеріле отырып өткізілетін болады.

"Міндетті пәндер қатарында оқу тілі (білім алған тіл) - қазақ немесе орыс тілі және әдебиет - эссе түрінде, Қазақстан тарихы - ауызша емтихан түрінде, математика - бақылау жұмысы, сондай-ақ меңгерген тілі бойынша тестілеу (қазақ тілі - орыс тілді мектептеп үшін, орыс тілі - қазақ, ұйғыр, өзбек және тәжік тілді мектептер үшін). Таңдау пәндері бойынша тестілеу тапсырады - физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет немесе шет тілі", - деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева. 

ҚР БҒМ Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дархан Ахмед-Закидің мәлімдеуінше, мектеп бітіруші түлектердің жоғары оқу орнына қабылдану үшін тапсыратын ҰБТ форматы үш міндетті пәннен тұрады: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы. Олардың әрқайсысы бойынша 20 сұрақтан, сондай-ақ екі таңдау пәні бойынша 30 сұрақтан беріледі. Жалпы тестілеу уақыты 210 минутты құрайды. Сұрақтар санының артқанына қарамастан, ҚР БҒМ ең төменгі балл деңгейін (50) өзгеріссіз сол қалпында қалдырып отыр.

Ең басты жаңалық, енді «Алтын белгі» беру мәселесін мектептердің өздері шешетін болады және ҰБТ-да «Алтын белгіні» растау қажет етілмейді.

Ұлттық бірыңғай тест ЖОО-ға түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде сақталады.



Айдар Жанай
нравится:    1586
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии