|    |  
13 қараша 2019
12:02
қаз
Энергетикалық сусындар талма ауруына шалдықтырады
09 наурыз 2017, 10:01 63

Бүгінде көпшілігіміздің жұмыс уақытында түс мезгіліне жетпей күш-қуатымыз сарқылып, құлшынысымыз жоғалып, бойымызды әлсіздік билей бастайды. Ондайда не істеу керек? Әрине, сергітетін сусындарды, қас-қағымда әлдендіретін тағамдарды жеуге құмартып тұрамыз. Мәселен, энергетикалық сусындар. Олардың бүгінде түр-түрі бар, қайсысын алып ішемін десеңіз, өз еркіңізде. Дегенмен тұтынып жатқан өнімімізге, оның әсеріне, құрамына үңіле бермейтініміз тағы бар. Соның салдарынан көптеген зиянға да ұшырап жатамыз. Осы орайда энергия беретін сусындарды ішкен қаншалықты тиімді, қандай мөлшерде ішу қажет, қандай жағдайда тиым салынады деген сұрақтарға жауап іздеп көрген едік. 

Энергетикалық сусындардың құрамы

Бүгінде мұндай сусындардың санында шек жоқ, дегенмен құрамына көз жүгіртсек, бір-бірінен айырмашылығы шамалы.

*Таурин. Өтке жиналады да, зат алмасу және жасушаларды қоректендіру қызметтерін атқарады. Бұлар өте аз мөлшерде болса, зиянсыз деп саналады. Бірақ аталмыш сусындардың құрамындағы таурин зиян болмаса, ешқандай пайда әкелмейді.

*Кофеин. Теин не матеин де қолданылуы мүмкін. Бұлар ми қызметінің және физикалық қозғалыстың белсенділігін арттырады. Ұйқы басу, шаршау сезімдерін жойып, ширақ қозғалуға көмектеседі. Әсері өте жоғары болғандықтан, жүрек қағысын жиілетіп, артериалды қысымды күшейтеді. Салдарынан жүректің соғу ырғақтылығы бұзылуы мүмкін.

*Теобромин. Өте күшті әсер ететін химиялық заттек.

*Мелатонин. Адамның іс-әрекетке деген құлшынысын арттырады, бір күн бойы сергек жүруіне көмектеседі.

*Дәрумендер, сахароза мен глюкоза.



Энергетикалық сусындар қашан пайда болды?

Олар ХХ ғасырдың соңғы ширегінде пайда бола бастады. Австриялық жеке кәсіпкер Азияға келген сапарында осы өңірден өзінің өндіріс орнын ашуды ойлайды. Сөйтіп ең алғашқы күш-қуат беретін сусын — «Red Bull» өмірге келеді. Жаңа сусын жарыққа шыққан уақытта бірден танымалдылыққа ие болып, «Кока-кола», «Пепси» сусындарымен бір қатардан табылады. Оны байқаған өзге де кәсіпкерлер «Burn» және «Adrenaline Rush» энергиялық сусындарын шығаруды қолға алады.

Бүгінде кей ғалымдар олар кәдімгі газды сусындар секілді, айтарлықтай зияны жоқ деген пікірде болса, бір тобы керісінше, оның зиянын, жиі ішкен адамның тәуелді болып қалатынын айтып шыр-пыр болуда.

Кейбір елдерде, мәселен, Франция, Норвегия, Данияда бұл шырындарды тек дәріханада сатады екен.

Энергетикалық сусындардың әсері кейде қайғылы жағдайға да душар қылып отырған. Мәселен, жарыс кезінде бірден 3 бөтелке энергетикалық сусын ішкен ирландялық спортшы көп ұзамай сол алаңда көз жұмған. Ал Швецияда түнгі клубтардың бірінде бұл сусынды алкоголмен араластырып ішемін деп үш азамат жан тәсілім еткен.

Қанша күш-қуат беріп, сергіткенімен, оның әсері уақытша екенін естен шығармаған жөн. Сол сәтте көзіңізді шайдай ашқанымен, артынан толыққанды тынығуды талап етеді. Және бір шыны кофе немесе қара шай ішкен дұрыс.

Құрамында кофеині мол қоспаларды жиі тұтыну – асқазан, жүрек ауруларына, талма, жүйке жүйесі ауруларына әкеледі.

Бір күнде бір бөтелкеден артық және 0,5 сиымдылықтан көп энергиялық сусын ішпеңіз. Бұл көрсеткіш ағза үшін артық болып саналады.

Тиым салынады:

-Белсенді қозғалыстан, спорттық жаттығулардан кейін ішуге (одан бұрын да);

-Кофемен, шаймен, алкоголмен араластыруға;

-Жүкті әйелдерге, балалар мен жасөспірімдерге, 50 жастан асқан жандарға ішуге;

-Созылмалы аурулары бар жандарға ішуге;

http://ikerim.kz/2017/02/27/energialyk-susyndar-talma-auruyna-akeledi/


Жаңалықтар