13 Декабрь
01:57
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
5 мамыр 10:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Энергияны қажет етпейтін тұрмыстық техника
Канадалық стартап-компания киім жууға арналған кішкене көлемді тұрмыстық техника құрастырды. Оның басты ерекшелігі құрылғы іске қосылуы үшін ешқандай электр энергиясын қажет етпейді. Тек үдеріс кезінде арнайы жасалған төменгі тетікті үдемелі басып отыру керек.


Yirego Drumi атауына ие тұрмыстық техниканың биіктігі небәрі 50 метрді қамтиды. Кір жуғыш машинаның көлемі ыңғайлы кейіпте болғандықтан оны көлікте тасымалдауға болады. Құрастырушылардың айтуынша, мобильді құрылғы үнемі бір орыннан екінші орынға көшіп жүретін азаматтарға арналған.

Drumi бір уақытта жеті киімге дейін жуа алады. Оған жеті литр су мен мөлшерлі кір жуу ұнтағы жұмсалады. Жуылған киімді небәрі 5 минутта кептіре аласыз.

Компания өкілдерінің айтуынша, Drumi техникасының 40 %-ы қайта өңделген материалдардан жасалады. Сондай-ақ жаңа өнім өзге де аналогтарға қарағанда 80 % аз су жұмсайды екен. Ал идея авторлары Drumi-дің қол жетімді бағасы көптің көңілінен шығатынына сенім білдіріп отыр.

Yirego жаңалығы сатылымға шықпас бұрын өндірістік дизайнерлер арасындағы бірнеше байқаулардың жеңімпазы атанып үлгерді. Ал оның жаппай сатылымы ағымдағы жылдың жазына жоспарланған. Әзірге жаңа өнімге тек АҚШ пен Канаданың тұрғындары ғана алдын ала тапсырыс бере алады. Оның әлемдік нарықтағы бағасы 169 АҚШ долларын құрамақ.

Дереккөзі: massaget.kz
нравится:    718
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии