Әлем жаңалықтары
4 наурыз 17:34
Енесін үйден қуып, күйеуін сабаған бетпақ келін Желіні шулатты



Инстаграм әлеуметтік желісіндегі @shymkentskayaa парақшасында енесіне ұрсып, үйден қуып шыққанымен қоймай, неше түрлі былапыт сөздер айтып, күйеуіне жұдырық ала жүгірген бетпақ келіншектің әрекеті бейнеленген видео жарияланды. 

Видеоға: "Келін жаксы болса үйіңе көп кісі келеді. Келін жаман болса Келген кісі кеткісі келеді. Ас құй десең төккісі келеді,
"Төкпей құй" десең сөккісі келеді...." деген жазба қалдырылған.

Оқиға өзбек ағайындардың отбасында орын алған секілді. Себебі бала көтеріп тұрған келіншек айналасындағыларға өзбек тілінде ұрсады. Дегенмен, арасында орыс тіліндегі сөздер де кездеседі, бірақ тек жағымсыз былапыт сөздер.

Өкінішке орай, оқиғаның қай жерде және қашан түсірілгені белгісіз. Дегенмен Желіде кеңінен таралып жатқан видео көпшіліктің ашу-ызасын келтіріп, тәрбиесіз ұрпақ өсіп келе жатқанына налытты.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер кездеседі.
 


Reactor.inform.kz

 
 

Комментарии




Яндекс.Метрика