17 Декабрь
14:12
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
8 маусым 17:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ЕО Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамытуға 7 млн. еуро бөледі


Бүгін Еуропалық одақтың Қазақстандағы Өкілдігі, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы және Су ресурстары комитеті «Қазақстанның «жасыл» экономика моделіне өтуін қолдау» бірлескен жобасын таныстырды.Аталған жобаға Еуропалық одақ 7 миллион еуро көлемінде қаржы салып отыр. Жоба су пайдалану тиімділігін арттыруға, экологиялық басқару жүйесінің заманауи әдістерін қолдану және осы салада ілкі жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
«Жоба негізінен суды тиімді пайдалану саласында жүзеге асады. Қазақстан Үкіметінің алған жаңа экономикалық бағыты экономиканы қайта құрылымдауға негізделгені белгілі. Алайда оған ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте еңбек өнімділігін арттырмай қол жеткізу қиын. Бұл екі салада да су көп пайдаланылатыны бәрімізге аян. Сондықтан суды тиімді пайдалану бағдарламаларын орындау үлкен маңызға ие болып отыр», - дейді Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы өкілдігінің энергетика мен қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Расул Рахимов.
Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында нақты нәтижелерге қол жеткізу көзделген.
«Жоба аясында суды тиімді пайдалануға бағытталған жаңа экономикалық тетіктерді жасақтау және енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар жаңа инновациялық технологияларды енгізуге гранттар бөлінеді. Жобаға 4 жылдың ішінде 7 млн. еуро бөлінеді. Барлық жұмыстар биыл шілде-тамыз айларында басталады деп жоспарлап отырмыз», - деді ол. 

Дереккөзі:kazinform.kz
нравится:    556
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии