Экономика
20 желтоқсан 09:48
​ЕО Ресейге қарсы санкцияларды 6 айға ұзартты
Еуроодақ Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды ресми түрде 31-шілдеге дейін ұзартты. Бұл туралы ЕО Кеңесінің баспасөз хабарламасында айтылған.

 
Фото: Владимир Сергеев / Sputnik
 
«Минск келісімдері 2015 жылдың 31-желтоқсанына дейін толықтай орындалмағандықтан кеңес санкцияларды 2016 жылдың 31-шілдесіне дейін, ал 2016 жылдың 1-шілдесінде 2017 жылдың 31-қаңтарына дейін ұзартты. Еуропалық кеңестің 15-желтоқсандағы отырысында ЕО үкімет және мемлекет басшылары «Минск келісімдерінің» орындалуын бағалай отырып, санкцияларды тағы алты айға, яғни 2017 жылдың 31-шілдесіне дейін ұзартуға келісті. Кеңес бұл шешімді 2016 жылдың 19-желтоқсанында жазбаша түрде қабылдады»-делінген хабарламада.
 
Дереккөз: http://www.vestifinance.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика