|    |  
17 қараша 2018
22:16
қаз
Ер адам өз ашынасын бір жасар баласымен сабап тастаған
13 шілде, 09:32 129
Ер адам өз ашынасын бір жасар баласымен сабап тастаған.



Аталмыш жан түршігерлік оқиға АҚШ-тың Калифорния штатында орын алған екен. Дэнни Лим есімді 27 жастағы азамат ашынасына қатты ашуланса керек. 



Ол өзінің шаранасын қару ретінде пайдаланып, ашынасын соққыға жыққан. Бейнероликке үңілетін болсақ ашынасы оқиға орнынан тайып тұрған. Аталмыш оқиға Лимнің көршісінің үйіндегі таспаға түсіп қалған. 

Жергілікті тәртіп сақшылары Дэнни Лимді тұтқынға алған. Тексеріс барысында бір жастан енді асқан шарана денесінен түрлі зақымдар анықталып, құлағынан қан кеткені белгілі болған. Шарана қазір анасының қолында. Ал, Лим болса 50 мың АҚШ доллары көлемінде залог төлеп, бостандықа шыққан. Оның үстінен өтетін сот қыркүйек айына бекітіліп отыр.

Дереккөзі: Life.ru 
Жаңалықтар