Әлем жаңалықтары
16 сәуір 09:28
Ер адам үйін бұзуға қарсылық ретінде 6 айлық қызын шатырдан лақтырып жіберген
Ер адам үйін бұзуға қарсылық ретінде 6 айлық қызын төбеден лақтырып  жіберген.



Аталмыш жан түршігерлік оқиға Оңтүстік Африкада орын алса керек.

Жергілікті жерде 90 отбасы заңсыз үй көтеріп, баспаналы болған екен. Жергілікті билік бұл үйлерді жермен жексен етуге бел буады. Алайда ел тұрғындары бұған қарсылық танытқа. 



Тіпті тұрғындардың бірі үйін бұзуға қарсылық ретінде 6 айлық қызын төбеден лақтырып  жіберген. Абырой болғанда кішкентай шақалақты тәртіп сақшылары ұстап алып, өмірін сақтап қалған.



Қазір ер адам адам өміріне қастанды жасады деген айыппен абақтыға тоғытылған. Шақалақ анасына қайтарылып отыр. 

Дереккөзі: https://life.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика