20 Октябрь
18:39
Астана: 8 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
10 қазан 13:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ер азаматтарға қандай тағамдарды жеуге болмайды?



Тамақ адамның кез келген жасында ағзаның және көңіл-күйдің жалпы тонусына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Дәрігерлер ер азаматтарға кәуаптан толығымен бас тартуға кеңес берді. Себебі, кәуаптың қызарып піскен сыртқы қабатында денсаулыққа аса қауіпті канцерогендер өте көп.

Қуырылған тауық еті де ер азаматтар үшін тыйым салынған тағамдар тізіміне енді. Ғалымдардың пікірі бойынша, аталған тағамды жиі тұтыну еркектің гормондарының қызметін бұзып, оны бірте-бірте әйелге айналдырады. Ал, егер Сіз орамжапырақтан жасалған салат жеуді, оның артынша сыра ішуді қатты ұнататын болсаңыз, онда әйелдер типіне енуіңіз әбден мүмкін. Айтпақшы, жапондық сумолар жарысқа шығар алдында тек тауық етін жейді екен.

Шұжық қосылған бутербродтарды ұнататындар абай болғаны жөн. Себебі, ақ нан еркектің қауқарын (потенция) әлсіретеді, ал шұжықтың құрамында жүректің қызметіне кері әсерін тигізетін канцерогендер мен көптеген тұздар бар.

Ер азаматтар жалбыз (мята) қосылған шәйді ішуден бас тартқаны жөн. Сондай-ақ, ағзаны толығымен тыныштандырып, еркектің қауқарына әсер ететіндіктен, жалбыз дәмді сағыздар шайнамаған дұрыс.

Сонымен қатар, темекі шегу ер азаматтардың ағзасына кері әсерін тигізетінін есте сақтаған жөн. Ғалымдар азық-түлік пен тағамдар тек денсаулыққа ғана емес, жалпы өмір салтына ықпал ететінін айтады.

Алайда, тағам кез келген жастағы ер адамның ағзасының жалпы тонусына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады.
 
Дереккөзі: http://www.segodnya.ua
 
нравится:    677
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии