24 Август
08:57
Астана: 17 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
25 тамыз 15:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ер кісі мен тотықұстың жанжалына полицей келді

Канаданың Брайтон қаласының тұрғыны үйіне қызып келіп, тордағы тотықұсымен салғыласып, ұрсысады. Осыған орай көршілері полиция шақырады. 

Портал хабарлағандай, тәртіп сақшыларына бір мезгілде бірнеше адам хабарласып, көрші үйде қырғын ұрыс болып жатқанын жеткізген. Олар ер кісіні әйелімен жанжалдасып жатыр деп ойлап қалыпты.

Артынша жеткен құқық қорғаушылар үйде ер кісінің жалғыз отырғанын көреді.

«Біз үйден, өзінің айтуынша, шұқып алған тотықұсына айқай салған үйдің иесін ғана кезіктірдік», – деді полиция өкілі. Ол ішіп алған канадалық азаматтың ешкімге қауіп төндірмегенін айтты.

Полицейлер өздерін шауып келуге мәжбүр еткен ер кісіге қатысты ешқандай шара қолданған жоқ.

Lenta.ru
нравится:    706
Теги: Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии