17 Декабрь
08:30
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
16 ақпан 11:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ерасыл Әубәкіровтің ата-анасы мәлімдеме жасады


Ерасыл Әубәкіровтің ата-анасы баласын іздеуге көмектескен қазақстандықтарға алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Олар редакциямызға жолдаған хатында айыптылардың өз жазасын алатынына сенім білдірді.

"Құрметті Қазақстан азаматтары. Басымызға түскен ауыр күндерде бізбен бірге болып, іздестіру жұмыстарына да көмектесіп, қайғымызға ортақтасқандарыңыз үшін басымызды иіп раxметімізді айтамыз. Ерасылдың бірінші сыныптан білім алған Өскемен қаласындағы № 44 мектеп-лицейі мұғалімдері мен директоры Т.Қ. Түменбаевқа, баламыздың сыныптас достарына, Астана қаласы медициналық қызметкерлері мен ұстаздар қауымына,студент достарына, Астана қаласының жастарына, Астана қалалық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің, Сарыарқа аудандық ішкі істер бөлімінің жедел іздестіру тобы бөлімдерінің тергеушілерінің жұмысына ризамыз. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстары аяғына дейін жеткізіп, баламыздың өліміне кінәлілер әділетті жазасын алатына сенеміз. Қазақстан xалқының біртұтас ел екендігін көріп отырмыз", - деп жазды олар.

23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің денесі 10 ақпанда жедел-іздестіру жұмыстарының барысында табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды. 

Ерасыл Әубәкіров елордадағы жоғары оқу орнының алтыншы курсында оқыды. 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмады. Келесі күні достары оның жоғалып кеткенін хабарлады. Әубәкіров интерн-хирург болған. Студенттің достары оның үздік оқығанын, белсенді болып, қатарластарымен жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

 
нравится:    4258
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии