|    |  
21 қараша 2018
02:45
қаз
Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты іс 10 томнан асты
13 шілде, 17:23 956

 
Бұл туралы күдікті Нұрбек Әжімбайдың адвокаты Ғабиден Бөкенов хабарлады.
 
Мен де басқа қатысушылар сияқты іс материалдарын жарияламау жөнінде қолхат бергенмін. Қазір тараптардың іс материалдарымен танысып жатқандығын ғана айта аламын. Іс материалдары көп, 10 томнан асады, - деген Ғ.Бөкенов.   

Астанадағы Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров биылғы ақпан айының 3 жұлдызында жоғалып кеткен болатын. Бір апта бойы жүргізілген іздестіру жұмыстарынан кейін, оның мәйіті табылып, адам қолынан азаптап өлтірілгені анықталған еді. Аты шулы іс алты айға жуық тергелді. Әуелде осы іс бойынша төрт күдікті ұсталған. Жақында олардың бірі, өскемендік кәсіпкердің ұлы Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылып, қамаудан босатылғаны белгілі болды. Ол іс-әрекетінде қымыс құрамының болмауы себепті босатылған. Қалған үш күдікті қамауда отыр.
 
 Дереккөз: caravan.kz
 
 
Жаңалықтар