15 Декабрь
10:40
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
28 желтоқсан 10:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ердоған өзіне қол жұмсамақ болған адамды құтқарды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 25 желтоқсанда, жұма күні көпірден секіріп, өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды. Бұл туралы Daily Sabah хабарлады.


Оқиға Стамбулда Босфор бұғазы көпірінде болған. Басылым жариялаған бейне жазбада жұма мешітке бет алған Ердоған кортежі өзіне қол жұмсамақ болған адам тұрған көпір маңына президенттің айтуымен тоқтағаны байқалады.



Президент көмекшілері ер адамға Ердоған онымен сөйлескісі келетінін айтып, оны президент отырған Mercedes көлігіне алып келеді.

Кадрдан ер адам мен түрік көшбасшысының бірнеше минут сөйлескені байқалады. Ол бірнеше рет телефонмен сөйлескен соң, ер адам Ердоғанның қолынан сүйеді.

«Associated Press» деректеріне сәйкес, ер адам отбасылық қиындықтарға байланысты өзіне қол жұмсамақ болған екен. Ердоған оған мәселелерін шешуге жәрдем беруге уәде берді.

Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    893
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии