20 Август
00:39
Астана: 11 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
7 маусым 15:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ердоған түрік әйелдерін үш баладан кем тумауға шақырды
Түрік елінің басшысы Тайып Ердоған Стамбұлдағы “Әйелдер және демократия” ассоциоциясының жаңа ғимаратының ашылу салтанатында әйелдерді үш баладан кем босанбауға шақырды. ​Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

n_68515_1

Ол сондай-ақ, мансап қуған әйелдерді де қолдайтынын, бірақ қызмет бала тууға кедергісін келтірмеу қажеттігін айтып өтті. Ердоғанның сөзінше, әйелдер ана болудан бас тарту арқылы, адамзатқа төнетін қауіпті күшейте түседі.

“Мен бала тумаймын, өйткені жұмыс істеп жүрмін” дейтін әйелдер, шын мәнінде өзінің әйелге тән қасиетін жоғалтады”, – дейді Ердоған.

Бұған дейін осы аптада Түркия президенті отбасыны алдын-ала жоспарлау мұсылман отбасына тән еместігін айтқан.

“Ашық түрде айтамын: біз бала туу көрсеткішінің көбейгенін, халық санының артқанын қалаймыз. Мұсылман отбасы – алдын-ала жоспар жасап, тууды бақылауға алуға тиісті емес”, – деді президент. Ол сондай-ақ, түсік тастауға да қарсылық көрсетуге шақырды.

Ердоғанның өзінің төрт баласы бар. Өткен жылы Түркия халқының саны 78,7 млн адамға дейін көбейді. Ал 2000 жылы халық саны 68 миллионнан төмен болған.
нравится:    670
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии