|    |  
14 қазан 2019
11:09
қаз
​«Ерекше шыршалар» жаңажылдық десерті
22 желтоқсан 2016, 11:27 28

Кремге керекті ингредиенттер:


Сары май — 250 г, Қант ұнтағы — 500 г, Сүт— 5-8 ст. л., Жасыл түсті ас бояғышы , Ваниль, Тұз.
 
Кекске керекті ингредиенттер:
 
Ұн– 3 стакан, Су – 2 стакан, Қант – 1.5-2 стакан, Какао – 6 ас қасық, Өсімдік майы – 3-4 ас қасық , Сірке суы – 1.5-2 ас қасық, Ас содасы – 2 шай қасық , Тұз – 1 шай қасық, Ваниль қанты – 1-2 шай қасық.

Салмасы:

Құлпынай (ірі жидектер). Безендіру үшін : М&M’s немесе басқа  драже,

Кремді даярлау.

Жұмсақ сары майды әбден көпіршігенше араластырамыз. Үстіне қант ұнтағын,тұз бен ванилинды қосып араластырамыз. Ең соңында сүтті қосып 5-7 минут миксермен араластырамыз.

Кекстерді даярлау:

Ұн,қант,какао,тұз ,ас содасы  мен ванилинды қосып әбден араластырамыз да үстінен сірке суы мен майды қосамыз. Ендігі кезекте суды қосып жайлап шаңышқымен араластырамыз. Дайын болған қамырды қалыптарға салып 30 минутқа пештке қоямыз.Кем дегенде 24 кекс шығуы тиіс.
 
 Безендіреміз.

Кекске крем жағып үстіне жидекті саламыз да тоңазытқышқа қатырып аламыз.Үстіне кондитерлік шприцпен жасыл түсті кремді жағып дражені себеміз де тағы тоңазытқышқа қоямыз.
 

Астарыңыз дәмді болсын:


Жаңалықтар