23 Октябрь
21:21
Астана: 5 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Мәдениет
13 қыркүйек 11:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ерік Тәстембеков: Келінімнің қай ұлттан екені маңызды емес

Танымал қазақстандық продюсер Ерік Тәстембеков өткен демалыста ұлын үйлендірді, деп хабарлайды Stan.kz. Желіде той суреттері пайда болды.

“Балаларым, Дамир мен Вика, сендерге бақыт мен махаббат тілеймін!!! Махаббаттарың мәңгілік болсын”, – деді Тәстембеков ұлы мен жаңа түскен келініне.

Өкінішке қарай, Тәстембековтің қуанышына ортақтастапаған жандар да табылды.

“Қазақстанда қазақ қызы құрып қалғандай, қазақтың не деген әдемі қыздары бар ғой”, “Орысқа үйленсе немересі орыс болып қазақ иісі қалмайды”, “Ұлыңызға осындай тәрбие берген сіздің атыңызға ұят”, – бұл Тәстембековтің Instagram парақшасындағы жағымсыз пікірлердің бір бөлігі ғана.

Ашынған продюсер келінінің қай ұлттан екендігі маңызды емес екендігін айтты.

“Ұялатын ештеңе жоқ, ұлымды мақтан тұтамын!!! Мен үшін оның таңдауы қай ұлттың қызына түссе де, маңызды емес, бастысы ұлым бақытты болса болды. Әрбір ата-ана баласына бақыт тілейді!! Ал намысқа келер болсақ, сізге айтарым – мен Қазақстанға сізбен салыстырғанда әлдеқайда мол еңбек сіңірдім. Менің әртістерім ел намысын халықаралық байқауларда қорғаған, сондықтан мені жерге қарататын адам сіз емес”, – деп жазды Тәстембеков.

Оқармандардың арасында Тәстембековті қолдап, екі жасқа бақыт пен мәңгілік махаббат тілеген адамдар да табылды.

 
нравится:    899
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии