Мәдениет
10 мамыр 11:18
Ерке Есмахан: Адам бақытына да, сәтсіздіктеріне де өзі себепші
Соңғы кездері Ерке Есмахан пәлсапалық жазбаларымен жиі көзге түсіп жүр. Ол адам баласының басынан өтетін жағдайларға тереңірек үңілуді қолға алған. Бұл жолы да, кезекті бір жазбасымен бөлісіп, адамның бақытына да, сәтсіздігіне де өзі себепші екенін айтқан.

 
 
«Соңғы кезде ойың мен сөзің өзгерсе, айналаң да өзгереді деген қағида алдымнан жиі шығатын боп жүр. Оған толық көз жеткіздім де. Өмірде жолы болғыш адамдарды да, өмірге көңілі толмай жүретін ашулы адамдарды да кездестіріп жүрмін. Жолы болғыш ақжолтайлар ешқашан ешкімге ренжімейді, барлық ситуацияны күліп қарсы алады екен. Ал үнемі сәтсіздікке ұшырап, біресе ақшасы болмай, біресе, жұмысы жүрмей, маxаббатта жолы болмай күйзеліп жүретіндер не болса соған ашуланып, болмашы нәрсеге ренжіп жүретін кісілер. Сонда түйін: адам бақытына өзі себепші, сәтсіздіктеріне де өзі кінәлі! Өкінбей, ренжімей, әр нәрсеге бұртиып шағым айтпай, анау жоқ, мынау жоқ дей бермей, өмір сүріп көріңізші, бәрі өзгереді! Өзгеру, өмірді өзгерту ешқашан кеш емес!»-деген әнші ардагерлерді де мерекесімен құттықтады.
 
Мейрам күндердегі суық өтіп кетсе керек, аздап сырқаттанып қалғанын да жасырмады. 

 

Соңғы кезде ойың мен сөзің өзгерсе, айналаң да өзгереді деген қағида алдымнан жиі шығатын боп жүр. Оған толық көз жеткіздім де...???? Өмірде жолы болғыш адамдарды да, өмірге көңілі толмай жүретін ашулы адамдарды да кездестіріп жүрмін. Жолы болғыш ақжолтайлар ешқашан ешкімге ренжімейді, барлық ситуацияны күліп қарсы алады екен. Ал үнемі сәтсіздікке ұшырап, біресе ақшасы болмай, біресе, жұмысы жүрмей, маxаббатта жолы болмай күйзеліп жүретіндер не болса соған ашуланып, болмашы нәрсеге ренжіп жүретін кісілер.☺️ Сонда түйін: адам бақытына өзі себепші, сәтсіздіктеріне де өзі кінәлі! Өкінбей, ренжімей, әр нәрсеге бұртиып шағым айтпай, анау жоқ, мынау жоқ дей бермей, өмір сүріп көріңізші, бәрі өзгереді! Өзгеру, өмірді өзгерту ешқашан кеш емес!???? Біздің осы бейбіт күніміз үшін қан төккен ата-әжелерімізге мың тағзым! Жеңіс туы астында, мына бейбіт заманымызда тек бақытты өмір сүруге қақымыз бар! Жеңіс күні құтты болсын!???? Ал мен бүгін ауырып, төсектен тұра алмай қалдым.☹️ Денсаулықтың бағасын, өмірдің қадірін соңғы бір тәулік қатты ұғындырды. Бірақ ауырдым деп шағымданып, күйзеліске түспеймін! Шүкір, менде бәрі супер! Ерке сен мықтысың ғой жаным, ауырма!❤️????????#бақыттыболыңыздар

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)


Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика