Мәдениет
9 ақпан 15:00
​Ерке Есмахан анасын туған күнімен құттықтады
Әнші Ерке Есмахан аяулы анасын туған күнімен құттықтады. Әншінің жүрек жарды құттықтауы желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.


 
Анасының сүт кенжесі желіге:  «Мені 9 ай құрсағында көтерген, түн ұйқысын төрт бөліп мəпилеген, өмір бойы жүрегінде ұстап жүрген, тəрбие-білім берген, өнерге баулыған, сұлулыққа құмартып өсірген аяулы Анашымды құттықтаймын! Бүгін ол тағы 18-ге толып жатыр. Əлемнің бар жақсысын анашымның аяғының астына төсегім келеді, есімін аспанға жазғым келеді, даланың барлық əдемі гүлін теріп əкеп, құшағын толтырғым келеді... Анашым! Мама! Алла күш-қуатыңызды арттыра берсін! Сұлу жүзіңізді мұң шалмасын! Жаратқан ием өміріңізді құт-берекелі ете берсін! Мен Сізге мəңгі қарыздармын! Папа екеуіңіз ескірмеген махаббаттарыңызбен бəріне үлгі боп жүре беріңіздер! Сізді қатты жақсы көрем! Сізге деген шексіз махаббатым мен құрметімді жеткізе алатын сөз жоқ шығар, сірə... Достар, көптің бірі - Қыдыр! Менің анама тілектеріңіз болса, жаза отырыңыздар. Мама инстаграмда отырады. Оқып, қуанады! Рахмеееееет!»-деп жазған.
 
Желі қолданушылары да ақ жаулықты ананы қосыла құттықтап жатыр.
 
Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика