|    |  
10 желтоқсан 2018
02:35
қаз
​Ерке Есмахан өмірінде алаяққа алданғанын айтты
13 маусым, 12:28 117
Біршама уақыт бұрын продюсерлікке бет бұрып, «Махаббат кафесі» деп аталатын алғашқы жобасын қолға алған Ерке Есмахан киносының түсірілімін аяқтады. Әнші желідегі парақшасына кинодағы кейіпкерінің өзіне ұқсайтынын айтқан. Сондай-ақ өтірікші алаяққа өмірде алданғанын да мойындаған.


 
«Кино деген - қысқаша өмір. Кейде өмір де кино сияқты. Біздің киномыздың сценарийінің өзі өмірден алынғандай. Достық, сыйластық, сүйіспеншілік, маxаббат, адамды алдау, үміт, сенім, өкініш сияқты өмірде адамдар қарым-қатынасында болатын жағдайлар осы кинода көрініс тапқан. Басты рөлдегі Шако алаяқтың рөлін сомдайды. Бірақ өмірде сондай адал жан! Жұмысын қатты жақсы көретін жігіт! Шаконың кейіпкері сияқты өтірікші, алаяққа мен де шынайы өмірде тап болғанмын. Мені Құдай сақтап, бәрі артта қалды. Өмірлік сабақ болды. Киноның желісі менің өмірімдегі кей жағдайлармен ұқсас. Таңғалам!»-деп жазған әнші.
 
Ал туынды жақын арада көрерменге жол тартады екен.
 

Кино деген - қысқаша өмір. Кейде өмір де кино сияқты. Біздің киномыздың сценарийінің өзі өмірден алынғандай...???? Достық, сыйластық, сүйіспеншілік, маxаббат, адамды алдау, үміт, сенім, өкініш сияқты өмірде адамдар қарым-қатынасында болатын жағдайлар осы кинода көрініс тапқан.☺️ Басты рөлдегі @shakentii алаяқтың рөлін сомдайды. Бірақ өмірде сондай адал жан! Жұмысын қатты жақсы көретін жігіт!???? Шаконың кейіпкері сияқты өтірікші, алаяққа мен де шынайы өмірде тап болғанмын.????‍♀️ Мені Құдай сақтап, бәрі артта қалды. Өмірлік сабақ болды... Киноның желісі менің өмірімдегі кей жағдайлармен ұқсас... Таңғалам!???? Екінші басты кейіпкер өзім ғой.???? Кейіпкерімнің образына қатты кіріп кетіп, оның бар сезімін шынайы сезгендей болдым. Кейіпкерім Мақпалды сүйіп қалдым.???? Киномыздың көп жұмысын бітірдік, азы қалды. Осы жылдың күзінде барлық кинотеатрларда көрсетіледі. Аллаға сансыз шүкір!????❤️ #кафемахаббат

Публикация от ???????????????? ???????????????????????????? (@erke_esmahan)


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар