22 Июль
09:05
Астана: 14 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 346.68
EUR/KZT: 404.02
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.15
Мәдениет
13 сәуір 11:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ерке Есмахан өзін «10 жылда әрең көтерілді» дегендерге ренішін жеткізді
Былтырдан бері Ерке Есмаханның бағы асып тұр. Бірнеше әні хит болып, бірнеше бейнебаянды бірінен соң бірін түсірген әншінің соңынан айтылып жатқан сөз бен сын да аз емес. Соның көбі «Ерке Есмахан 10 жылда әрең көтерілді» деген сыңайды. Осы орайда әнші өзінің ойын айтып, жазғыз сайттарға ренішін жеткізген.



«Қымбатты достарым! Жақын арада, Алла қаласа, кезекті бейнебаянымды ұсынамын! Бұл менің жеке әнші боп саxнаға шыққан 5 жылдағы 10-шы бейнебаяным екен. Иә, Ерке Есмаxан деген әншінің үлкен саxнада жүргеніне 5 жыл! 10-11-15 жыл емес! Оған дейін мен "Іңкәр" тобының құрамында 4 жыл ән айттым. Кейін топ тарады, менің жеке өмірімдегі өзгерістерге орай саxнадан қол үзе тұрдым. Жазғыш сайттар мен жаңалық тарайтын жерлерде Ерке "10-15 жыл дегенде әрең көтеріліпті, үйтіпті-бүйтіпті" деген сияқты ақпараттарды көргенде жаға ұстаймын. Мен өз жолыммен жүріп келе жатырмын. Алланың бұйрығымен шығармашықтың әр баспалдағын асықпай басып келем... Өмірдің кей жерлерінде сүрініп кету кез келгеннің басынан өтеді. Мен оны "әрең көтерілгенге, бағы жанбай қойғанға" жатқызбаймын. Менің Алматыға келгеніме де осыншама көп уақыт бола қойған жоқ. Егер маған қатысты ақпарат қажет боп жатса, өзім айтып берейінші... Мен туралы бар шындықты білетін тек өзім ғана! Үшінші жақ, мейлі ол менің бұрынғы продюсерім, музыкалық продюсерім немесе әріптесім болсын, менің шығармашылық өміріме қатысты жалған ақпарат айтып, сарапқа сала алмайды деп ойлаймын. Айтпақшы, шығармашылығымның 5 жылдығы деп үлкен жеке концерт беру де жоспарымда бар. Қалай ойлайсыздар, мен жеке концерт беруге пістім бе? 5 жылда бiраз еңбек жасалған сияқты»-дейді әнші.
 

Қымбатты достарым! Жақын арада, Алла қаласа, кезекті бейнебаянымды ұсынамын! Бұл менің жеке әнші боп саxнаға шыққан 5 жылдағы 10-шы бейнебаяным екен.???? Иә, иә, Ерке Есмаxан деген әншінің үлкен саxнада жүргеніне 5 жыл! 10-11-15 жыл емес!???? Оған дейін мен "Іңкәр" тобының құрамында 4 жыл ән айттым. Кейін топ тарады, менің жеке өмірімдегі өзгерістерге орай саxнадан қол үзе тұрдым.???? Жазғыш сайттар мен жаңалық тарайтын жерлерде Ерке "10-15 жыл дегенде әрең көтеріліпті, үйтіпті-бүйтіпті" деген сияқты ақпараттарды көргенде жаға ұстаймын. Мен өз жолыммен жүріп келе жатырмын. Алланың бұйрығымен шығармашықтың әр баспалдағын асықпай басып келем... Өмірдің кей жерлерінде сүрініп кету кез келгеннің басынан өтеді. Мен оны "әрең көтерілгенге, бағы жанбай қойғанға" жатқызбаймын.???? Менің Алматыға келгеніме де осыншама көп уақыт бола қойған жоқ. Егер маған қатысты ақпарат қажет боп жатса, өзім айтып берейінші... Мен туралы бар шындықты білетін тек өзім ғана!???? Үшінші жақ, мейлі ол менің бұрынғы продюсерім, музыкалық продюсерім немесе әріптесім болсын, менің шығармашылық өміріме қатысты жалған ақпарат айтып, сарапқа сала алмайды деп ойлаймын...☝️ Айтпақшы, шығармашылығымның 5-жылдығы деп үлкен жеке концерт беру де жоспарымда бар! Қалай ойлайсыздар, мен жеке концерт беруге пістім бе?☺️ 5 жылда бiраз еңбек жасалған сияқты, иә?!???????? #еркесылқым

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)


Дереккөз: Reactor
нравится:    158
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии