20 Август
15:50
Астана: 21 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
27 мамыр 18:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ерке Есмахан сахналық көйлегінің кімге бұйыратынын айтты



Күні кеше әнші Ерке Есмахан парақшасына жазылған миллионыншы қолданушысына сахналық көйлегінің бірін сыйға тартатынын айтқан еді. Енді соның қорытындысын мәлім етті.

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жариялады.

Әнші миллионыншы болып тіркелген қолданушысына бір көйлегін сыйға тартуға уәде еткен еді. Енді ол миллионыншы қолданушысына емес, өзі таңдаған екі қызға беретінін айтты.

“Бүгінгі “миллион” тақырыбы бойынша шешім қабылдадым… Көп күттіріп алсам кешіріп қоярсыздар. Негізі бір көйлек беремін деп ойлаған ем. Алайда ішкі түйсігім екі аруды таңдады. Олар @tolepovaa–ға xитовый қызыл көйлек, @gulderaisalim–ге гострольдік сапардағы xит көйлек. Өзім киелі саxнаға ең көп киген екі көйлегім осы аруларға бұйырғалы тұр.

Қай қаладан екендеріңізді менің аккаунтымда көрсетілген директорға xабарласып айтарсыздар! Бәріңіздің ықылас-ниеттеріңізге, жылы сөздеріңізге раxмет! Алдағы уақытта сыйлықтарым болып тұрар! Тату-тәтті болайық, достар!”, – деп жазады әнші.

Желі қолданушылар арасында миллионыншы болып өзінің тіркелгенін айтқандар да болды. Тіпті, бір жігіт өзінің Еркеге сый жасағысы келгенін де айтқан. Көпшілігі бұл көйлектердің өздеріне бұйырмағанына кейіп, әдемілігіне тамсанып жатты.


Дереккөзі: stan.kz
нравится:    1380
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии