21 Август
06:54
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
19 маусым 12:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ерке Есмахан: Ұлым қайда жүрсе де, не кисе де тиісіп қоймайды
Әлеуметтік желіде жұлдыздарға небір сын айтатын қолданушылар көп. Олар әдетте өнер жұлдыздарының өзінен бастап, отбасына дейін мін тағып, түрлі жағымсыз пікір білдіреді. Сондай  пікірлер әнші Ерке Есмаханның ұлына қатысты да көп айтылатын болса керек. Парақшасына ойына не келсе соны жазатын желі қолданушылары әбден ызасына тиді ме әнші ашуға мініп, ұрысып тастапты.



«Көптен бері біраз оқырмандарымды мазалап жүрген сұраққа не болмаса маған тағатын міндеріне жауап берейін.

Сіздер менің шетел асып қыдыратыныма, қымбат көлік, түрлі киімдеріммен, жүрген жерімнің бәріне тиісіп, менің ақшамды санаудан шаршамайсыздар. Одан қалды, маған ұрысып: "неге осының орнына қайырымдылық жасамайсың, нан таба алмай отырған адам көп, өзіңді ойлай бермей, бөліс",-деп ақыл айтасыздар. Ол ақылдарыңыз дұрыс, әрине! Оны сіздерсіз-ақ білемін, Құдайға шүкір, ата-анамның тәрбиесіне мың алғыс айтамын!

Енді айтарым, "Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін",-деген сөз бар! Көмектескен сәттерімді видео, суретпен : "Ал, міне беріп жатырмын",-деп жырқ-жырқ еткізіп инстаға сала берсем, не қасиеті қалады оның?! Сондықтан айтарым, қиын xәлде жатқан адамдарға да дәрімен де, азық-түлікпен де, ақша сұрағандарға да, киім сұрағандарға да, "выпускной" дегені тағы бар, барлығына қол ұшымды беруге тырысып, қолымнан келгенше жасап жүрмін!

Сіздер күнде қаралап қоймаған соң, осыны жазуға мәжбүрледіңіздер! Ұлыма да жүрсе де, кисе де тиісіп қоймайсыздар! Ұлымды асырап отырған менде АНАмын, естеріңізге сала кетейін! Шығармашылығым бар. Аспаннан маған да ақша жауып жатқан жоқ!
Сондықтан, не болса соны маған жазып, намысыма тиіп, ауыздарыңызға тек оразада емес, 12 ай бойы ие болсаңыздар жақсы болар едi! Алла сана, сабыр берсін! Несібелеріңіз мол болсын! Ораза қабыл болсын!»-деп жазған. 
нравится:    3575
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии