26 Май
23:34
Астана: 15 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Туризм
9 қаңтар 12:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ерке Есмахан ұлымен бірге Дубайдағы қазақтардың тойына барды
Жаңа жылдық түсірілімдерді аяқтаған жұлдыздардың біразы жыл басталысымен жылы жақтарға демалысқа аттанды.


 
Жыл сайын осы мезгілде шетелге саяхаттауды дәстүрге айналдырған Ерке Есмахан да ұлымен бірге Дубайда жүр. Әнші Дубайдың шөлі мен құмында, қымбат қонақ үйінде түсірген видеолары мен фотосуреттерін желідегі парақшасына жүктеуде. Әнші ұлы Мүсіліммен бірге Дубайдағы қазақтардың тойына да барған. 


 

Бақыт тыныштықты ұнатады. Мен сіздерге бақыт тілеймін! Ниеті түзу адамның бойында көреалмаушылық деген қасиет болмайды. Сондықтан, іштарлыққа бой алдырмайықшы... Адам өзгелердің бақытына шын қуанса, сол бақыт өз басына да келеді!❤️ Менің қуанышыммен бөлісіп, мұң шаққанда да үнсіз қалмайтын, өнерімді бағалап жүрген инста-достарым! Сіздер көбейіп жатсыздар! 2 млн 500 мың досым бар, иə, мен баймын!???? Ниеттес жандарға баймын деп ойлаймын! Өйткені Сіздерден күн сайын жақсы тілектер оқимын!???? Мен өнерімді дамытуға, еңбектенуге, теріс қылықтар көрсетпей, қазақ қызы деген атқа лайық боп жүруге тырысам! Бəріңізге қыстыгүні жаз көретін саяхат бұйырсын! Бəріңізді сүйдім!???? Маған с любовью қарап тұрған менің жәәәәәнеееем! ????

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)

Бүгін балалардың күні болды. Legolend деген парк Муслим сияқты легомандарға жұмақ мекен екен. Балалардың қиялынан небір лего ойыншықтар шығып жатыр. Үлкендерге де қызық жер!???? Бүгін Дубайдың көшелерін де араладық. Менің жаныма келіп суретке түсіп жатқан көп адамды көріп, таң қалдым.???? Дубайда да қазақ əндерін тыңдайтын тыңдармандар бар, алақай деп төбем көкке екі елі жетпей қалып еді... ????Сөйтсееем, олар маған "неткен əппақ қыз" деп таңырқап, суретке түсіп жүр екен.????‍♀️???? #еркеқойдим????

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)

Қуанышты бөліссе көбейеді. Инстаграмда қуанышыңмен, жағымды əсерлермен бөліскеннің несі айып? Мақтану, ақша шашу деп емес, жақсылықпен бөлісу деп қабылдасаңыздар екен. Сынықтан басқасының бəрі жұғады. Инстаграмдағы жақсылыққа толы суретке қарап, жақсы əсер алып, бізге де жұғысты болсыншы деп отырсақ, тілегіміз қабыл болады.???? Мен инстаграмға тіркелген кезде өмірім басқа еді, қазір тым басқа. Не нəрсені болсын жақсылыққа жорып үйреніп қалғанмын ғой... Қуаныштарыммен, бақытты сəттерім мен саяхаттарыммен бөліскеннен, олар көбейіп жатыр деп ойлаймын.???? Əр адамның өмірінің сапасы оның айтқан əрбір сөзіне, іс-əрекетіне байланысты. Негатив жазып жүре берсек, өмірімізде негатив жағдайлар орын алады. Сондықтан таңдау өзіңізде...❤️????????

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)

Елден жырақ жүргенде отандастарды көргенде соондай қуанам. Туған бауырымды кездестіргендей болам.???? Ел ішінде жүргенде бір-біріміздің қадірімізге жете қоймаймыз... Болмашы нəрсеге ашуланып, артық сөз айтып-айтып (жазып-жазып) тастаймыз!???? Əр қазақ менің жалғызым деп, өзі ап-аз қандас бауырлармен тату болғанға не жетсін?!???? Ханымдар мен ханымдар, мырзалар мен мырзалар, тату-тəтті болайық! #астарыбар ????????❤️

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)

Бақытты балалық шақ!❤️

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)

Бүгін оқыдым. Димаш айтыпты: "Мен жанкүйерімнің жанкүйерімін" - деп. Қандай ғажап сөз! Сүйсіндім!???? Əншіде жанкүйер, тыңдаушы болмаса, ол ешкім емес қой. Жанкүйер деген өнерге табынушы емес, өнерді бағалаушы деп түсінем. Өнерді шын бағалайтын талғампаз тыңдармандарымды жақсы көрем. Олардың аз-көптігі, жас ерекшелігі маңызды емес... Бір білерім, олар бар! Сіздерді сүйем!❤️ Сіздер үшін жаңа əндер жазуға шабыттанып жатырмын!????????

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)



Дереккөз: Reactor
нравится:    315
Теги: Әлемге саяхат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии