|    |  
21 қараша 2018
21:04
қаз
Еркеш Шәкеев баласы туралы фильм түсірді
06 қыркүйек, 13:13 693


Еркеш Шәкеев қаза тапқан баласы - Сафар туралы фильм түсірді. Бұл жөнінде сазгер өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлаған.

«Ұлым туралы фильмді екі досыммен бірген өзім түсіріп, өзім шығардым. Бұны еріктілер мен бірге қайғырғандарға арнап оның туған күнінде шығардық. Туған күнін 16 жасынан бастап атап өтпеп едік» дейді Е.Шәкеев.

Сондай-ақ, ол баласының неден қаза тапқанын қайталап айтқан. Сазгердің мәлімдеуінше, Сафар Шәкеев жазатайым жағдайда көз жұмған. Ол Есентай өзеніне тым жақын келіп, бетін жуған екен. Сол кезде аяғының астындағы топырақ жылжып кетіпті.

Еске салсақ, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оның қайда екені туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Ал денесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.



Дереккөзі: Караван.kz
Жаңалықтар