24 Сентябрь
23:36
Астана: -3 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
25 шілде 10:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Еркін мен Айдардың бозбала шағы


"Жігіттер" квартетінің мүшелері Айдар мен Еркіннің бозбала кезде түскен суреті. Суретті Бағлан Әбдірайымов өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялады. 

"Жігіттер" квартеті алғаш рет Шымкент қаласында 2003 жылы өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән байқауында, “Арай” фестивалінде өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарында болған. Ұйымдастырушылар топтың атын сұраған соң, жігіттерден құралған топпыз ғой деп, аяқ астынан “Жігіттер” деп қоя салады. Кейін өзгерте жатармыз деген ойлары болған екен басында, бірақ топ мүшелері сол атпен қалуды жөн санапты. Және сол атпен танылды. Ердос Қанаев, Еркін Нұржанов, Бағлан Әбдірайымов, Айдар Байжанов болып сахнадан көріне бастаған жігіттер “Ерке қыз” деген алғашқы әндерімен-ақ ерекше ілтипатқа бөленді. 

Әр ауылдың азаматтары болса да, мектеп кезінде болатын олимпиада мен әртүрлі ән байқауларында кездесіп, көзтаныс болған жандардың жолы Шымкентте тоғысып, таныстықтары достыққа айналады. Жастық жігер, әнге деген махаббат оларды өнерге жетелейді. Жігіттердің бойынан сол ұшқынды байқаған Ерғали Әбдірайымов есімді азамат оларды ата-анасының рұхсатымен өнер ордасы Алматыға алып келеді. 

Еркін Нұржанов 2008 жылы топтан бөлек кетті. Оның орнына Мырзахан Маханов келді.
 
нравится:    734
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии