18 Август
12:55
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Мәдениет
16 маусым 11:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ерлан Қарин: Джеки Чанды Астанаға шақыру үшін қаражат жұмсаған жоқпыз
«Қазақстан» ұлттық арнасының төрағасы Ерлан Қарин instagram желісіндегі парақшасында Джеки Чан туралы сөз қозғады. Әйгілі актермен кездесуін, оны астаналықтардың қалай қарсы алғанын жазған.


 
«Бір апта бұрын Джеки Чан Қазақстанға алғаш рет келді. Сұхбат алудың сәті түсті. Ол әуелде тек Қытай кинофестивалінің ашылуына ғана келуі керек болған. Бірақ аз уақытта бізбен кездесіп, баспасөз конференциясын ұйымдастырып, бағдарламаға да түсті.
 
 Одан да қызығы, актерді Астанаға шақыру үшін еш шығындалмадық. Ол өзінің достарымен жеке ұшағымен ұшып келді, қала ішінде люкс көліктен бас тартып, достарымен бірге отыру үшін әдеттегі минивэн беруімізді сұрады. Жергілікті мейрамханалар өз кумирін көргеніне ырза болғаны соншалық, біз тіпті кешкі асқа да ақы төлемедік. Актер Қазақстанда бірер күн аялдауы керек еді. Бірақ кестенің тығыздығына байланысты жарты күн ғана болды. Біз ЭКСПО билеттері мен кәдесыйлар тарту еттік. Бар шығын осы.
 
Джеки өте қарапайым, мейірімді, шынайы, көңілді адам. Кіммен болса да суретке түсуден бас тартқан жоқ. Оған біздің ел ұнады және жақын арада бірлескен жобалармен жұмыс істеу үшін қайта келеді. Тағатсыздана күтеміз»-деп жазған.
 
нравится:    131
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии