Әлем жаңалықтары
14 қаңтар 13:47
Ерлан Көкеев Bek Air-ды сотқа бермек
Бұл туралы белгілі компазитор, әнші әрі актер Ерлан Көкеев өзінің фейсбуктегі парақшасында мәлімдеп отыр. 



Әнші Bek Air компаниясы ұсынған ұшақ рейсімен Алматыға ұшып келген. Көкеевтің көңілген түсірген жайт ұшақ жерге қонған соң орын алған. Нақтылай кетсек, әншіге жүгін қайтарғанда өте бағалы музыкалық аспаптар түгелдей сынық болып шыққан. 




"Бұл менің музыкалық аспаптарым. Өте қымбат дүние. Жүк салғышқа салар алдында шыны заттар екенін айтқан болатынмын. Енді міне маған әкелгендегі түрі осы. Міне деп бере салды. Тіпті ештеңе болмағандай. Кешірім де сұраған жоқ. Масқара емес пе?",- дейді әнші өз кезегінде. 

Көккевті ашуландырған тағы бір жайт, әуежайда Bek Air компаниясың бірде-бір өкілінің болмауы болып отыр. Олар тіпті аталмыш компанияның офисінен бір де бір адам таппаған. Олар - демалыста-мыс. 

Ендігі кезек Көкеев аталмыш компанияның үстінен арыз жазамын деп отыр. 

Дереккөзі: ​Yerlan Kokeev  "фб" парақшасынан 
 

Комментарии




Яндекс.Метрика