|    |  
19 қараша 2018
22:35
қаз
Ерлан Рысқали: Бізде тұлғамен қоштасудың қазақы үлгісі жоқ па?
25 желтоқсан, 10:37 280
Елге белгілі тұлғалар дүние салғанда Батыстың үлгісімен қоштасу рәсімін өткізіп жүрміз. Осы орайда дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали әлеуметтік желідегі парақшасына өз ойын жазыпты.



«Тұлғамен қоштасудың қазақы үлгісі жоқ па бізде? Табытқа салып сахна төріне қою, жанына кезекпен күзетке тұру, венок қойып шапалақ ұрып музыкамен әрлеп фоногарммамен жоқтау! Осындай жасандылықтың не қажеті бар? Әрине біреулер "бұл қайтқан жанға құрмет" деуі бек мүмкін?! Бірақ, бұл менің түсінігімде қайтқан адамды ұлтымен қоса қорлау! Құлдық сана! Құлдық сананың сүйекке сіңгені бұл! Біз қазақ емеспіз бе, мұсылман емеспіз бе!? Біздің өз ата жолымыз, жөн-жоралғымыз жоқ па не? Бір кем дүниең осы, ағайын!»-дейді әнші.
 
Өнерпаздың бұл пікірін желі қолданушылары да қолдап жатыр. «Өте орынды пікір. Біздің ұлттық салт-дәстүрімізге мүлде келмейтін дәстүр», «Мұныңыз рас, Кеңес кезіндегі дүмше тірліктен арылмадық қой...» - дейді оқырмандар.

Дереккөз: Reactor
Жаңалықтар