|    |  
11 желтоқсан 2018
11:50
қаз
Ерлердікіне қарағанда әйел адамның жасушалары ауруға басқаша әсер етеді
14 наурыз, 15:38 116
Әйелдердің 20% етеккір кезінде, ал 30% - жыныстық қатынас кезінде қатты ауырсынуларды сезінеді. Бұл ауырсынуларды қалай жоюға болатындығы туралы ақпараттар кездеспейді. Бұл саладағы зерттеулердің көбісі ерлер жасушалары  негізінде жүргізілді, өйткені олар гормондардың ауытқуларына бейім емес. Алынған нәтижелерді әйел адам жасушалары үшін де пайдалануға болады деп есептелді, алайда бұл мүлде мүмкін емес.



Далластағы Техас университеті (University of Texas at Dallas) зерттеушілерінің айтуынша, ерлердікіндей емес, әйел адамдардағы ауырсынулар мүлдем басқаша. Сондай-ақ олардың жұмыстары негізінде кейбір дәрілердің де әйел адамдарға басқалай, тіпті мүлде әсер етпейтіндігі де дәлелденді. Ғалымдарға ер адамдардағы ауырсынуға қарсы тиімді препараттарды табу мүмкін болды, ал әйел адамдардың ауырсынулары «көлеңкеде» сол күйі қалып қойып отыр.

АҚШ Денсаулық сақтау ұлттық институты (National Institutes of Health) сараптаманы тек ер адамдар жасушалары негізінде жасалмауын міндеттегеннен кейін ғана зерттеушілер өз жұмыстарын 2014 жылы бастаған болатын. Жұмыстың жетекші авторы нейробиолог Тед Прайс (Ted Price) пікірінше, түрлі жынысты тышқандарға жасалған зерттеулерге қарағанда бұл өте оңды шешім болды. Зерттеу барысында мамандар нейромедиатор дофамин көмегімен жануарлардағы ауырсынуларды сезіну мүмкіндігін бақылауға алды. Оның шоғырлануының жоғарылауы еркек тышқандардағы ауырсынуларды азайтты, алайда ұрғашыларына ешқандай әсері болмады. Мұндай нәтижелер егер кейбір дәрілердің клиникалық тексреу кезінде дұрыс әсер етпеуін, яғни оларды тек қана еркек жануарларда сынақтан өткізсе, ал клиникалық тексеруде ерлер де әйелдер де қатысса, қорытындыларында барынша айырмашылық болуымен түсіндірілді.

Дереккөз: med.vesti.ru


Жаңалықтар