|    |  
22 қазан 2019
13:16
қаз
​Ерлерге Инстаграмда отырған жараса ма?
19 қазан 2017, 09:46 42
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына қызықты сауал тастады. Сауал «Ер азаматтарға қыз-келіншектермен жағаласып, желіде жарысып сурет салып отырған жараса ма?» дегенге саяды.


 
«Былтыр маған студияға Бақтияр Артаев келді... "Ешқандай әлеуметтік желіде жоқпын" деді..."Неге?" дедім таң қалып.. "Инстаграмға мен қыдырдым, тойға бардым, мынау менің қатын-балам, мынау менің дастарxаным, мен шел елге шықтым" деп ұсақталу еркекке тән тірлік емес, еркек телефон шұқылай бермей еңбек ету керек" деді... Кеше бір ағам xабарласыпты маған "Айнұржан қайда жүрсің?" деп бастады әңгімені, "ойбай, шет елде жүрмін, инстаграм қарасаңызшы" дедім мен..."Ойбай құрсын, бала-шаға, қатын-қалашпен жағаласып, қыздардың ішкен-киген суретін аңдып отыру жетпей тұр еді маған" деп ұрсып қоя берді.. Жалпы ойланатын нәрсе сияқты осы..Енді әншілерге, блогерлерге яғни әлеуметтік желіге шығу арқылы жарнамамен нан тауып жүргендерге кешіріммен қарауға болатын шығар... Жалпы инстаграмда еркектердің отырғаны сіздерге ұнай ма, шындарыңызды айтыңыздаршы»-дейді Айнұр Тұрсынбаева.
 
Расында ойлантатын дүние. Сіз қалай ойлайсыз оқырман?
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар