|    |  
15 қараша 2018
00:41
қаз
Ерлі-зайыпты каннибалдар бірнеше әйелді өлтіріп, етін жеген
11 қазан, 15:14 80



Мексиканың құқық қорғау органдары 20 әйелді аяусыз өлтіріп, етін жеп келген каннибал ерлі-зайыпты тұтқындалды, деп хабарлайды РИА Новости.
 
Қылмыстардың барлығын ер кісі Мехико маңындағы Экатепекте жасаған. Тергеу деректері бойынша 2012 жылдан бері адам өлтіріп келе жатқан қылмыскер қылмыс орнынан алысқа ұзамай тұрғылықты жерін бірнеше рет өзгерткен.
«Ол әзірге 20 әйелді өлтіргенін мойындап отыр, алайда қазіргі таңда оның сипаттауларына сәйкес біз 10 фактіні ғана анықтап отырмыз», — деп мәлімдеді Мехико штатының прокуроры Алехандро Гомес өзінің Formula радиосына берген сұхбатында.
 
Әлеуметтік желілерде тергеу кезінде күдіктіден жауап алынған сәт жарияланған. Онда қандықол қылмыскер неліктен өзінің мұндай әрекетке баруы себебін әңгімелейді. Оның айтуы бойынша бала кезінде өзінің жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы және бір бойжеткеннің өзін алдап кетуі осындай қылмысқа итермелеген негізгі себептер болып табылады. Күдікті жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де әйелдерді өлтіруді жалғастыратынын айтқан. «Олардың өмір сүргенінен, ит пен егеуқұрыққа жем болғаны артығырақ», - дейді ол.
 
Құқық қорғау органдары күдіктінің үйін тінту барысында қылмыс құрбандарының тоңазытқышта мұздатылған дене бөлшектері мен жүректерін тапқаннан кейін оның әйелін де тұтқындаған. Билік ерлі-зайыптылардың ұзақ уақыт бойына өздері өлтірген құрбандардың етін өздері жегенімен қоймай, арзан бағамен сатқан деген нұсқаны тексеруде. Қылмыскердің әйелі арзан бағамен балалалар киімдерін сатамын деген желеумен жалғызбасты аналарды үйіне алдап шақырып отырған. Universal порталы қылмыс құрбаны болған жас ананың артында қалған екі айлық нәрестені қылмыскерлер басқа ерлі-зайыптыларға сатып жіберген, қазіргі таңда билік нәрестенің мекенжайын анықтауға кірісті деп хабарлайды.
 
Жаңалықтар