20 Ноябрь
15:38
Астана: -1 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
22 желтоқсан 14:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ерлі-зайыптылар он жыл бойы бетон құдықта тұрып келеді (фото)

Қытайдағы Чжэнчжоу қаласында тұратын ерлі-зайыптылар күнделікті өмірдің ауыртпалығымен өздерінше күресуде. Олар пәтер жалдауға кететін ақша мен жұмысқа баратын жолақысын үнемдеу үшін мұндағы университетке тиесілі ауа желдеткіш құдықты паналауда.

Құдықта тұрғанына он жылдан аса уақыт болған отбасы барлығы 50 шаршы метр жерге орын тепкен. Олардың бұл «баспанаға» үйреніп алғаны соншалық, тіпті құдық тиесілі университет әкімшілігінің ұсынған жатақханасына да көшуден бас тартуда, деп хабарлайды Ecns.cn.

Себебі ерлі-зайыптылардың айтуынша, құдықта барлық жағдай жасалған. Мұнда су, электр жарығы, жылу жүргізіліп, теледидар, тоңазытқыш пен кір жуу машинасы да қойылған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылардың екеуі де осы университетте жұмыс істейді. Отағасы желдеткіш құдықтың техникалық ахуалына жауапты болса, оның әйелі осы желдеткіш жүйені уақытылы қосып-ажыратып тұрады. 

Олар осыдан біраз уақыт бұрын арзан бағамен жалға берілетін пәтер тауыпты. Бірақ, ол баспана тұрған жерден жұмысқа жету үшін жарты күн уақыт кететін болғандықтан, отбасы өздері жұмыс істейтін университет аумағындағы осы құдықта қалудан өзге амал таппаған.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    859
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии