|    |  
21 қазан 2019
18:02
қаз
Ерлі-зайыптылардың арасындағы ұрыста нені ескеру керек?
01 наурыз 2019, 10:28 215
Үйде ыдыс-аяқ сырдырламай тұрмайды дейді ғой, әрбір жанұяда ұрыс керістер болып тұрады. Әр бір ұрыс керісті жанұяның өркендеуіне бұру қажет. Ерлі зайыптылар арасында ұрыс керістер бірін бірін түсінбегеннен туындайды. Егер осы түсінбеушіліктерді дұрыс пайдалана білсек, ол жанұяның ыдырауына емес, керісінше берік болуына, бірін бірін жақсы түсінуіне алып келеді.Ал қазірге ерлі зайыптылар арасында ұрыс басталып кеткенде нені ескергеніміз жөн, соған баса көңіл бөлейік: 



1. Ерлі зайыптылардың ұрысында әрқайсысы өзінікін дұрыс деп тұрады, сол себептен өзіңіздікі дұрыс деп дәлелдеуге тырыспаңыз, өйткені қарсыңыздағы жұп оны қабылдамайды, өйткені ол да өзіндікін дұрыс деп сізге дәлелдеуге тырысуда. 

2. Ұрысты өзіңіз ертерек бітіруге тырысыңыз, кешірім сұрау қажет болса, бірінші кешірім сұрауға асығыңыз, өйткені кешірім сұрау арқылы, бір ұпай ұтасыз. Қалай дейсіз ғой, ұрыста екі жақта кінәлі, бірақ екі жақта мойындамайды да, мойындағысы да келмейді. Жұбыңыз сізді өзінің қатесін мойындады деп бағалайды, іштегісін босатып, сөйтіп жарасып кетесіздер, ал сіз болса өзіңіздің әрекетіңізді жанұяны жарастыруға жасаған игі қадам екендігін біліп, ішіңізде ерлік жасаған сезіміңіз болады. Ертелі кеш бұл ұрысты еске де алмайсыздар, кім кінәлі болған еді, кім мойындаған еді деген сұрақтар болмайды, оның барлығы ұмытылады. Ұмытылмайтын нәрсе ол жанұяны жарастыруға жасаған қадамыңыз және бақытты отбасында өмір сүргеніңіз. 

3. Жоғарыда айтып өтілгендей ұрыс кезінде бір бірлеріңізді тәрбиелемей ақ қойыңыздар, өйткені ол әрекет өтімсіз болады, керісінше ұрысты тез бітіріп, оны созып жүрмей апталатып, жарасып, ұрысты ұмытқаннан соң бірін біріңізге түсінбеушілікке алып келген себептерді талқылағаныңыз өтімдірек. 

Міне араларыңызда қандай да бір ұрыс туындаған жағдайда, осы жоғарыда жазылғандары ескере жүрсеңіздер, әр бір ұрысты жанұяның жандануына бұра аласыздар!

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар