17 Декабрь
12:12
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
3 наурыз 11:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ермахан Ибраимов және басқа да отандық жұлдыздар кішкентай қыздан дәріс алды

Ермахан Ибраимов және басқа отандық жұлдыздар кішкентай қыздан дәріс алды. Ол қыздың есімі — Айару Рахат. Жақында шыққан Арман Дүйсенов пен Айару Рахаттың «Алтын ұя мектебім» бейнебаянында дәл осындай көрініс орын алады. Сюжет бойынша мектеп партасына қайта отырған Ермахан Ибраимов, Арман Дүйсенов, «Нұрмұқасан» тобының әншілері, «Лашын» дуэтінің солистері, Серік Ибрагимов, Ардақ Әлекешов және т.б. жұлдыздар мұғалім Айарудан дәріс алады.

Айару Рахат — Астана қаласының №60 мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы, Астана қаласы білім беру басқармасының №1 музыкалық мектебінің «Эстрадалық вокал» сыныбының оқушысы, 4 жасынан вокалмен айналысып, қазіргі таңда биік белестерді бағындырған. Түрлі конкурстардың лауреаты, республикалық «Айгөлек» сазды бағдарламасының белсенді қатысушысы.

Әнмен қоса фортепианода ойнағанды жақсы көреді. Өнерлі қыз ән-күймен қатар, әдебиетті, жануарлар әлемі жайлы кітаптар оқығанды ұнатады. Әдебиетке деген, құс-жануарларға деген қызығушылық арқасында, оны әрі қарай арттыру мақсатында ғылыми жұмыстармен шұғылдануды жөн көреді. Оған дәлел Тауыс құсына зерттеу жүргізіп, Астана қаласының оқушылар арасында өткен ғылыми жұмыстар жобасы сайысында «Тауыс — әдемі құс» тақырыбымен 2 жүлделі марапатқа ие болды.

Енді өнерпаз әншілік қырынан да танылғысы келіп, Арман ағасымен «Алтын ұя — мектебім» әнін орындап, бейнебаян түсірді. Әнді Арман Дүйсеновтың өзі жазған, ал сөзі Асқар Дүйсенбінікі.



baistars.kz
нравится:    1405
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии