|    |  
26 тамыз 2019
10:07
қаз
Ермахан Ыбырайымов отбасы жайлы айтып, тоқалын көрсетті
02 тамыз 2019, 10:26 554
Белгілі боксшы Ермахан Ыбырайымов «Ережесіз әңгіме» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасы жайлы айтты. Бағдарлама барысында спортшының екінші жары Айжан Ыбырайымова да сұхбат берген.


 
«Өзім он балалы отбасынан шыққанмын. Мен жетіншісімін. Ағайынның көп болғаны өте жақсы. Сол себепті де өзімде он бала болғанын қаладым. Шүкір, қазір сегіз ұл, екі қызым бар. Екі отбасым бар. Үлкен отбасым Америкада, Нью-Йоркте тұрады. Екінші ұлым сонда оқитын болғандықтан бәйбішем сол баланың қасына кетті. Қазір Алматыда екінші келіншегім Айжанмен тұрып жатырмын. Ол кісі өзімнің құдашам болатын. Бір-бірімізді тойларда көріп жүретінбіз. Солай сөйлесіп, кейін үйленіп кеттік. Үлкен ұлым Тойбек Алматыда режиссура саласында жұмыс істейді. Ұлдарымның, қыздарымның бәрі спортпен айналысады. Мен ешқайсын боксқа бар деп қинаған жоқпын. Валейбол, ватерпол, баскетбол, футболмен айналысады. Қызым Жұлдыз боксқа барғысы келді, кейін гимнастикаға ауысып кетті»-дейді спортшы.
 
Ал жары Айжан болса боксшының болмысы жайлы сыр шертті.

«Өмірде ардақты әке, асыл жар. Асабалық қасиеті бар. Кішігірім кештерді, отырыстарды жүргізіп кете береді. Көбінесе іссапармен сыртта жүреді. Іссапардан келген кезде балалардың, біздің қуанышымызда шек болмайды. Ашуланғанда мен үндемей қоя саламын. Кейін ашуы басылған соң бәрін оңашада ретке келтіріп аламыз. Телеон қоңырауына жауап бермей жатсам соған қатты ренжиді. Ауылда өскендіктен даланың жұмыстарына өте икемді. Шалғыменен шөпті орғанда алдына жан салмайды. Шахмат, дойбы мен нардыны өте керемет ойнайды. Кез келген іске өте тиянақты. Ешбір істі асығыс істемейді. Олимпиада чемпионын дайындасам деген арманы бар»-дейді.


Жаңалықтар