Әлем жаңалықтары
14 маусым 09:24
Ертеңгілік жүгіру – ағза үшін пайдалы және зиянды тұстары
Көптеген адамдар спортпен шұғылданудың дені денсаулық жағдайын анықтайтын бірден бір фактор деп есептейді. Жүгіру бірінші кезекте олар үшін дене белсенділігінің ең қол жетімді түрі болып саналғандықтан, таңертеңгілік жүгіруді салауатты өмір салтымен тығыз байланыстырады.



Ертеңгілік жүгірудің артықшылықтары

Дене белсенділігінің ең маңыздысы жүгіру екені ақиқат, өйткені жүгіру кезінде бұлшықеттердің бәрі қозғалысқа түседі. Жүгіру арқылы біз жүрек бұлшықеті мен тыныс алу жүйесін жаттықтырамыз. Бір ескеретіні, дене қимылы өз тиімділігін 20 минуттай жүгіргеннен кейін ғана бере бастайды. Мұндай жаттығу белгілі бір деңгейде ағзаны қалыпты күйге түсіріп, мықты етеді және ширатады.

Жүгіру айтарлықтай калорияны жоюға да септігін тигізеді, демек арықтауға да көмектеседі. Салмақтың түсуі үшін көбіне көп ертеңгілік жаттығулардың маңызды екенін ескерген абзал. Мұндай жаттығуларға арналған уақыт таңертеңгілік 6 мен 8-дің арасы екенін де ұмытпау керек.

Ертеңгілік жүгірудің артықшылығы ретінде келесі жағдайларды да атауға болады:

Бұлшықет тіндерін қалыпты күйде ұстауға арналған тиімді жаттығуды жасауға болады, нәтижесінде ағзада зат алмасу жүреді. Осылайша бет түсінің жақсаруы, өзін жақсы сезіну, сергектік, жақсы көңіл күйге ие болатыныңыз айқын;

Таза ауаның көп мөлшерде өкпеге түсуіне байланысты өкпе жеңілдеп, қан айналым жақсара түседі, ағза мүшелері оттегімен тыныстайды;

Таза ауада алған сергектік пен күш-қуат жұмыстың жақсы жүруіне әсер етеді, күні бойы жақсы жүретініңіз анық;
Артық майдың азаюына, тіпті жоғалуына әкеп соғады.

Мұндай жаттығулардың психологиялық реңкі физиологиялық жағдайларға қарағанда, атап айтқанда - ұйқыны ауыстыру, ертеңгілік жүгіру жақсы демалуға жағдай жасап, өзіне деген сенімді күшейте түсетіні айқын. Ертеңгілік жүгіру секілді жаттығуларды орындай отырып сіз күйзелістен өзіңізді аман алып қаласыз, шаршаңқылық сезімді жеңесіз.

Ертеңгілік жүгірудің зияны бар ма

Денсаулығыңызда қандай  да бір кінәрат болса, жүгіруді бастамай тұрып дәрігердің кеңесіне жүгінгеніңіз абзал. Таңертеңгілік жүгіруге болмайтын жағдайлар мынадай болуы мүмкін:

Жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысында өзгерістің болуы (жүрек ауруы, стенокардия);
Ми қан айналымның бұзылуы;
Гипертониялық аурулар;
Омыртқамен байланысты аурулардың болуы, мұндай кездері басқа жаттығуларды таңдауға кеңес беріледі (мәселен жүзу, болмаса тренажерда асықпай жаттығу жасау);
аяқ қан тамырларының созылып кетуі, тромбофлебит.

Неге баса назар аударған маңызды

Ертеңгілік жүгіру жүрекке ауыр тиіп, нәтижесінде жүрек қатты соғып, бұл жүрек-қан тамыр жүйесіне кері әсер етеді деген теріс пікір де кездесіп жатады. Жапон ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, ертеңгілік жүгіру кезінде тромбтардың түзілу мүмкіндігі жоғарылайды, өйткені дәл осы кезде адамның қан айналымы 6%-ға көтеріледі (кешкі жүгіру кезінде олардың 20%-ға төмендейтіндігін ескерген орынды). Жүгіру орта жастағы және жасы үлкен адамдарға қауіпті болуы ықтимал, өйткені холестерин деңгейі көп болған жағдайда бұл қан тамырларының бітеліп қалуына алып келуі мүмкін.

Сонымен қатар, ертеңгілік уақытта қатты жүгірмей, оқыс қимылдамай жаттығу жасау алып бара жатқандай қиындық туғызбайтыны да белгілі. Орташа есеппен алғанда, аптасына бірнеше күнін дене белсенділігіне арнайтын адам бірнеше шақырымды еш қиындықсыз еңсеретіні де анық. Ағзаға қандай да бір салмақ түсірмес үшін ұйқыдан тұра сап жүгіріп кетпеу де керек. Алдымен жеңіл 10 минуттық жаттығу жасаған орынды, әрі қарай жүгіруге ақырын-ақырын ауысу керек. Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, міндетті түрде тоқтап, демалып алыңыз.

Мұндай қозғалыс белсенділігі кезінде ағза тіндерде жинақталып қалған токсиндер және шлактардан арылуға тырысады, сол себепті жүгіру кезінде қатты тер бөлініп шығады. Үйге келген соң міндетті түрде себезгі қабылдап, денедегі кірден арылған дұрыс.

Дереккөз: http://mirsovetov.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика