|    |  
24 мамыр 2019
08:22
қаз
Есет батыр туралы не білеміз?
14 мамыр 2019, 09:35 96


Мен өлгенде басымды құбылaғa қаратып емес, аяғымды Ресей жаққа қаратып койыңдaр. Өлсемде Ресейді аяғыммен тіреп жaтaмын деген екен Есет батыр!

Есет батыр Көтібарұлы (1803-1889) - Ресей империясыиның отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы.[
1838 жылы Жоламан батырмен тізе қосып, көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасады.
1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты.
1847-1858 жылдары Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және Кіші Борсық құмдары мен Мүғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады.
19 ғасырдың 40-50 жылдарында Есет батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталады. Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды.
1853-54 жылдары Есет батыр басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды.
1854 жылы көктемінде көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті. Олар Ресей үкіметінен қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, түтін салығын жою, қазақ даласына жазалаушы отрядтарды жіберуді тоқтату, жайылымдық жерге еркіндік беріп, Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, Жайық өзендерінің бойына еркін көшіп-қонуға мүмкіндік жасауды талап етті.
1858 жылы жазалаушы отряд көтерілісті күшпен басты. Есет көтерілістен бас тартқан соң оған кешірім жасалды.
1859 жылы тамызда бір топ сүлтан, билермен бірге Санкт-Петербургке жіберіліп, 24 тамызда Александр II патшаның қабылдауында болады.
1861 жылы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалады.
1869 жылы Ырғыз уезі бастығының кіші көмекшісі болып бекітілді.
1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды.
1879 жылы ол қызметтен босатылады.
1889 жылы қартайған шағында дүние салды.


Жаңалықтар