|    |  
19 қазан 2019
19:35
қаз
Есте сақтау қабілетін жақсартатын сусындар
15 мамыр 2019, 10:43 70


1. Күніне 3 рет 1/3 стакан қияр сусынын ішіңіз. Бұл есте сақтау қабілетіңізді арттырады. 

2. Жарты стаканнан қияр мен қызанақ сусынын араластырыңыз. Оған 1 шай қасық сарымсақ сусынын қосып ішесіз. Бұл емдік сусынды күніне екі рет таңертең және кешке қолдану керек. Емді үзбей 1 ай жүргізсеңіз, оң нәтижесін бай¬қайсыз.

3. Жарты стаканнан сәбіз бен қызылша шырынын аралас¬ты¬рып ішіңіз. Емді күнде таңертең ашқарынға қабылдау керек. 

4. Қаражидек көздің көру қабілетін жақсартатынын біле¬сіздер. Оның есте сақтау қабі¬лет¬ті арттырып, мидың жұмысын жандандыратын да қасиеті де бар. Ол үшін күнде¬лікті таңертең және кешке жарты стакан қа¬ражидек шырынын ішіп жүріңіз. 

5. 2 дана ірі пиязды еттартқыштан өткізіп, сүзіп алыңыз. Оған сондай көлемде бал араластырып, 1 ас қасықтан қабілдайсыз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек. Емделу мерзімі – 2 апта. 

6. Жарты стақаннан грейпфрут пен алма шырынын араластырып ішсеңіз де есте сақтау қабілетіңізді жақсартады. Бұл сусындардың қай-қайсысы да ағзаны витаминмен қамтамасыз етіп, бауырды сауықтырады, иммунитетті көтереді. Яғни сіз сусын ішу арқылы зейін-зердені ғана емес, ағзаны да сауықтырасыз. Олай болса ерінбеңіз, сусын ішіп сауығыңыз!

Дереккөзі: "Әлейметтік желі бетінен"


Жаңалықтар